2026 жылғы 24 маусым – қасиетті елшілер Варфоломей мен Варнаваға арналған еске алу күні. Бұл күн – Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнаваның есімі күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Жоғары мәртебелі архиепископқа құттықтау жолдап, онда былай деп атап өтті:
Жоғары мәртебелі, аса қадірлі Әмірші!
Сізді есім күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мерекелі күні Сізбен бірге қуанышқа ортақтасып, дұға арқылы жан мен тәннің сарқылмас күш-қуатын, берекелі тыныштықты, рухани шаттықты және Қазақстанның қасиетті жеріндегі архипастырлық қызметіңізде Құдайдың құдіретті жәрдемін тілеймін.
Қасиетті Құдай Анасының шапағаты, Қазақстанның жаңа азап шегушілері мен тәубешілдерінің өтініштері және Сіздің көктегі қамқоршыңыздың дұғалары арқылы Баршаға мейірімді Мәсіх Сізді ұзақ жылдар бойы зор денсаулықта, амандық пен игілікте сақтасын!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр