2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығулары барысында әскери қызметшілерді теңіз ағызып әкетті. Оқиға Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт бұзылыа, желдің күшеюі салдарынан болды. 12 әскери қызметші қаза тапты. Үш адам құтқарылды, олардың біреуі ауруханада, жағдайы тұрақты ауыр. Екі әскери қызметші із-түзсіз жоғалып кетті. Қазіргі уақытта оларды Каспий теңізі акваториясында тәулік бойы үздіксіз іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты:
Қымбатты бауырлар мен әпкелер!
Отан қорғаушылар – жас қазақстандықтардың қаза тауып, із-түзсіз жоғалуына әкелген бүгінгі қайғылы оқиғаны жүрек ауыртпалығымен қабылдадым.
Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендер мен олардың отбасыларына қолдау көрсетіп, қайғыларына ортақтасамын.
Осы қасіреттен зардап шеккен барша жанға Мейірімді Жаратқанның рухани күш-қуат беріп, жәрдем етуін сұрап дұға етемін. Қайғыға батқан жандарға Жаратушы Иеміз жұбаныш беріп, дәрігерлер мен құтқарушыларға күш-қуат пен қажыр-қайрат нәсіп етсін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр