18 қазан – Қазақстан Республикасы халқының рухани келісім күні.
Қазақстандықтарды мерекемен Астана және Қазақстан митрополиті Александр құттықтады:
Қымбатты бауырластар!
Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде Қазақстан халқы атап өтіп отырған бұл мереке елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен мәдениет өкілдерінің бірлігі мен ынтымағының символы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын ізгілік пен мейірімділік сияқты ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіреді.
Біз ортақ үйіміз – Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді қастерлеп сақтаймыз. Сонымен бірге тату көршілік пен өзара құрметтің мәңгілік қағидаттарын өмірде жүзеге асыруға ұмтыламыз.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сөздерінің бірінде: «Бірлік пен татулық біздің негізгі құндылықтарымыздың бірі. Бұл мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасы, біз оны болашақта да ұстанатын боламыз», – деген еді.
Ұлы дала төсіндегі баға жетпес әрі қасиетті сый – рухани келісімді ғасырлар бойы Қазақстан Республикасындағы жетекші екі конфессия – Православие мен ханафиттік мазхабтағы Ислам сақтап, нығайтып келді. Бүгінде олар бұл өмірге құштар дәстүрді өз ұрпақтарына табыстап отыр.
Дінаралық және мемлекет пен діни конфессиялар арасындағы жемісті қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін өзара түсіністік рухы алдағы уақытта да түрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бейбітшілік пен бауырластықты сақтауға, рухани тұрғыдан мықты әрі адамгершілік тұрғысынан салауатты қоғам құруға қызмет ететініне сенімдімін.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Рухани келісім күніне орай ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевқа, мемлекеттік басшылыққа, Парламент депутаттарына, облыстар мен қалалардың әкімдеріне құттықтау жолдады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр