ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
24.02.2025, 19:35

Митрополит Александрдың «Теология, қоғам, мемлекет: диалог кеңістігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сөйлеген сөзі.

Митрополит Александрдың «Теология, қоғам, мемлекет: диалог кеңістігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сөйлеген сөзі.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Саратов және Вольск архиепископы Александрды(Тимофеев) еске алуға арналған «Теология, қоғам, мемлекет: диалог кеңістігі» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сөйлеген сөзі:

Құрметті конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушылары!

Жоғары мәртебелі архипасторлар,

Ардақты әкелер, қымбатты аға-әпкелер!

Өткен жылдар Ресейде гуманитарлық ғылымның жаңа саласы ретінде теологияның дамуындағы елеулі жетістіктермен ерекшеленді. Кәсіби ғылыми-педагогикалық қоғамдастық көбейіп, нығаюда, диссертациялық кеңестердің жұмысы жандады, оқу және ғылыми әдебиеттер қоры толықты.

ЖОО-дағы теологияның жалпы гуманитарлық және тәрбиелік мәнін, оның әдебиетпен, тарихпен, философиямен және қоғамдағы, әсіресе, жастардың дүниетанымын қалыптастыратын басқа да пәндермен тығыз байланысын ұғыну – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Мұны түсіну Ресей халықтарының рухани-адамгершілік құндылықтары мен мәдени-тарихи мұрасын сақтауға, елдегі азаматтық келісімді нығайтуға оң әсер ететіні сөзсіз.

Сондықтан дінтану білімінің сапасын арттыруға және одан әрі дамытуға, жаңа білім беру бағдарламалары мен ғылыми мамандықтарды ашуға, теологиялық және пәнаралық зерттеулерді қолдауға жағдай жасау өте қажет.

Халықаралық мәртебеге ие болған бұл жолғы конференция жаһандық проблемалар мен уақыт сын-қатерлеріне, шіркеу-мемлекет, дінаралық және мәдениетаралық диалог тәжірибесін түсінуге арналған. Осы маңызды тақырыптарды талқылау көптеген өзекті мәселелердің сәтті шешілуіне ықпал етеді деп сенемін.

Бүгінгі таңда адамзат болашағына төніп тұрған басты қатерлердің бірі – иманның әлсіреу, адамдардың өз қалауы мен іс-әрекетін берік адамгершілік мұраттармен өлшеу қабілетінің жоғалуы. «Жоғары идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре алмайды. Бірақ жер бетінде бір ғана биік идея бар, ол адам жанының өлмейтіндігі туралы идея», - деп жазды көрнекті орыс жазушысы және ойшылы Ф.М. Достоевский. Бұл маңызды идеологиялық ұстаным қайшылықтар мен келіспеушіліктерге толы қиын-қыстау заманда әртүрлі сенім мен көзқарастағы адамдарды біріктіріп, шабыттандыруы керек. Қазіргі жағдайда дін, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері өздерінің жоғары жеке жауапкершілігін ұмытпай, қоғамда жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына жағдай туғызу жолында бірлесе жұмыс істеуде парасаттылық танытуы қажет.

Барлық жиналғандарға жұмыстарыңызға жеміс және еңбектеріңізде Құдайдан жәрдем тілеймін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді