ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
01.03.2025, 13:35

Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының Алғыс айту күнімен құттықтауы

Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының Алғыс айту күнімен құттықтауы

1 наурызда Қазақстан Республикасында Алғыс күні тойланады. Қазақстанның Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан халқына құттықтауын жолдады:

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты бауырлар!

Еліміздің төл мерекесі – Алғыс күніне орай құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Қазақстандық қоғамның рухани-мәдени өмірінің бір бөлігіне айналып үлгерген бұл мерекенің мәні адамның ең маңызды сезімдерінің бірі – риясыз көмекке, қолдауға және мейірімділікке алғыс айту. Қазіргі мерекенің құтты Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам үшін маңызы зор – ол азаматтардың жан дүниесіндегі ізгі сезімдерді оятып, түрлі этникалық топтар мен діни дәстүрлердің өкілдерін біріктіріп қана қоймайды, сонымен бірге біздің назарымызды Қазақстан тарихына аударады. Алғыс айту күнін тойлай отырып, біз еліміздің байырғы халқына – қайғылы сынақтарда аяушылық танытып, қуғын-сүргінге ұшырап жер аударылғандарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға терең құрмет пен шынайы алғысымызды білдіреміз.

Қазақстанға жер аударылғандардың арасында Православие Шіркеуінің көптеген өкілдері – иерархтар, діни қызметкерлер, монастырлер мен діндарлар болды. Жер аударылған дін қызметкерлері мен діндарларға көмек көрсету арқылы Қазақстан тұрғындары сенімнің сақталуына үлес қосты және посткеңестік кеңістікте рухани жаңғыруды жақындатты. Алғыс айту күнін мерекелеу бейбітшілік пен келісімнің нығаюына, халқымыздың бірлігінің мызғымастығына, қоғамды жаңа игі мақсаттарға жетелеу жолында біріктіруге, ең бастысы – әділ де гүлденген Қазақстанға үлесін қоссын.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевқа, үкімет басшылығына, парламентке, облыс және қала әкімдеріне Алғыс күніне орай құттықтауын жолдады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді