Ежелгі дәстүр бойынша Наурыз мейрамы Қазақстанда 21-23 наурызда тойланады. 2001 жылдан бастап ол мемлекеттік мереке мәртебесін алды. Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады:
Наурыз мейрамы қазақстандықтардың өмірінде ерекше орын алатын, көктемгі жаңару мен құнарлылықтың, бірлік пен достықтың мерекесі.
Ғасырлар бойы Ұлы даланы мекендеген сан алуан ұлт өкілдері өз жетістіктерін осы күнмен өлшеп, болашаққа жоспар құрған. Наурыз мейрамы халқымызды ізгілік пен мейірімге шақырады, сондықтан да ол әркез татулықтың, ел азаматтарының достығы мен бірлігінің белгісі болып қала бермек.
Наурыз бүгінде қоғамымыздың өмірінде маңызды біріктіруші рөл атқарады және барша қазақстандықтар үшін бірдей қымбат.
Осы салтанатты мерекеде баршаңызға денсаулық, бақ-береке, жұмыстарыңызға табыс, ал ортақ үйіміз – құтты Қазақстанға бейбітшілік пен өркендеу тілеймін.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Қазақстан Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа, ел басшылығына, парламент депутаттарына, облыс, қала әкімдеріне Наурыз мерекесіне орай өзінің құттықтауын жолдады.
Көкшетау және Ақмола епархиясы дін қызметкерлерінің епархиялық жиналысы өтті
Толығырақ
Алматыда Верный және Жетісу епископы, қасиетті шейіт Пимен құрметпен еске алынды
Толығырақ
Верный қаласының қасиетті шейіті Пименді еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр