22 наурыз 2025 жылы Қазақстан Республикасындағы Евангелиялық - Лютерандық шіркеуінің құрметті архиепископы Юрий Новгородовтың жердегі сапары аяқталды. Ол 69 жасында қайтыс болды. 2005-2024 жылдар аралығында Юрий Новгородов Қазақстанның Евангелиялық - Лютерандық қауымдастығын басқарды.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр епископ Ростислав Новгородовқа, Синодқа және Қазақстан Евангелиялық - Лютерандық шіркеуінің сенушілеріне көңіл айтты.
«Біз бәріміз оны терең діндар, дарынды және дана адам ретінде білдік. Ол приход өмірін тамаша ұйымдастырушы және Ізгі хабар ақиқаттарының тамаша уағызшысы болды. Марқұм архиепископ православиелік және католиктік иерархтармен достық байланыс орната білді, христиан және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту үшін көп және белсенді жұмыс істеді. Архиепископ Юрийдің тынымсыз қызметінің арқасында Қазақстанда лютерандық қауымдастықтың жүйелі түрде нығаюы мен дамуы жүзеге асты. Ол басқарған екі онжылдықта қол жеткізген жақсылық пен игі істерінің бәрі сақталып, көбейе беруін Құдай нәсіп етсін. Архиепископ Юрий екеумізді Қазақстан жерінде адамгершілік мұраттарды, конфессияаралық татулық пен ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі бірлескен қамқорлығымыз жақындатты және біріктірді. Республикадағы дінаралық диалогты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін қазақ лютерандарының марқұм болған рухани жетекшісі Қазақстан Православие Шіркеуінің жоғары наградасы – «Еңбек үшін» орденімен марапатталды», - делінген Қазақстан Православие шіркеуі басшысының көңіл айтуында.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр