ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
07.05.2025, 16:30

Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтауы

Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтауы

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтауы:

Жоғары Мәртебелілер!
Ардақты әкелер, бауырлар!
Қымбатты қазақстандықтар!

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

Сіздерді осы айтулы мерейтой – халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл даңқты мерейтойды ұлты мен дініне, жасына және саяси сеніміне қарамастан бәрі тойлайды. Ұлы Жеңіс адам баласын жек көрушілік нәсілшіл  идеологияның тетігін бұзған, бұрын ірі державаның құрамында болған тәуелсіз мемлекеттердің азаматтарын біріктіруді бұрынғыдай жалғастыруда.

Ұлы Жеңіс мерекесі Пасха қуанышымен нұрланған, өйткені ол жақсылықтың зұлымдықты және өмірдің өлімді жеңуін көрсетеді және сонымен бірге сансыз жоғалтулардан түскен мұң мен қайғыда саябырлайды. «Біз Иеміздің осы қуанышты күнін, Иеміз адамзаттың қас жауларына әділ үкімін шығарған күнді сенімділікпен және шыдамдылықпен күттік», – дейді сонау 1945 жылдың 9 мамырында мәңгі есте қалатын Әулие Патриарх Алексий I. Сексен жыл бұрын миллион және миллиондаған  жазықсыз адамдардың өмірін қиған бұл сұрапыл соғыс аяқталды. Халықтар мен елдер құрбандық үстеліне әкелген Жеңістің құрбандықтардың ішінде ең көп бөлігі Отанымыздың жауынгерлері мен бейбіт тұрғындарына тиесілі. Қазақстаннан майданға аттанған әрбір екінші жауынгердің жарқын болашағымыз үшін жанын пида еткені көп нәрсені аңғартады. Дүние жүзіне ең жоғары жанқиярлық пен отанға берілгендіктің үлгілері көрсетілді; миллиондаған ерлер мен әйелдер Мәсіхтің өсиетін орындады: «Өзінің достары үшін өмірін қиғанынан артық сүйіспеншілік жоқ» (Ин. 15:13).

Бүгінгі баршамыз үшін Ұлы Жеңістің орасан зор рухани-адамгершілік мәні бар. Біз соғыс жылдарында әкелеріміз бен аталарымыз жасаған құрбандық ерлікке лайықты болуға ұмтылуымыз керек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Қаһарлы күндер соғыстың тек қасірет әкелетінін көрсетті. Бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырды».  Біздің ата-бабаларымыздың бірлігі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жеңіске деген шынайы сенімі бейбіт және тәуелсіз қазіргі Қазақстанның ризашыл ұрпақтары үшін мәңгілік өнегелі бағдарға айналды. Бірнеше ондаған жылдар өткеннен кейін Ұлы Отан соғысы мен ерлікпен жеткен Жеңіс туралы мәпелеп сақталған шындық біздің жерімізді жаңа дәуірдің қауіп-қатерінен, ал бүкіл адамзатты нацизмнің жойқын идеяларының қайта өршуінен қорғайды.

Осы даңқты да қасиетті мерекеде көз жұмғандар мен өмір сүріп жатқандар алдында тағзым етеміз – сол соғыста қаза тапқан, майданда жауды талқандаған, оған қарсы партизандар қатарында шайқасқан, сенімді тылды қамтамасыз еткен, госпитальдар мен ауруханаларда жанқиярлықпен еңбек еткендерді еске алайық. Өшпес ерлікті бүгінде ұқыптылықпен сақтап, ұрпақтарына жеткізіп жатқан жандарға шексіз алғысымызды білдірейік.

Әрқашан жарқын Пасха күндерінде тойланатын Ұлы Жеңіс мерекесі, соғыстың қасіретін және соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпалығын білмеген бізге өмірлік бағдар болып, бейбітшілік пен келісімді сақтауға үйретіп, жақындарымыз бен ортақ Отанымыз – құтты Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуімізге көмектесетін қуатты біріктіруші күш болғай.

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!
ШЫНЫНДА ҚАЙТА ТІРІЛДІ!

ҚАЗАҚСТАН ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МЕТРОПОЛИТІ
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді