2 маусым 2025 жылы аты аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағы мен аттас қалаға 70 жыл толып отыр. Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Южный» Ғарыш орталығының (Байқоңыр ғарыш айлағы) директоры Сергей Владимирович Мочаловқа тарихи күнге орай құттықтау сөзін жолдады:
Құрметті Сергей Владимирович!
Сізді космонавтика тарихындағы айтулы күн – аты аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан жетпіс бұрын бүкіл әлемді өзгерткен оқиға басталды - қазақ даласының ұлан-ғайыр кеңдігінде дарынды құрылысшылар, инженерлер мен құрылымдаушылар бірегей кешен құрды, оның көмегімен Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды және адамның ғарышқа алғашқы ұшуы жүзеге асырылды.
Бүгінде Байқоңыр әлемдік зымыран жасап шығару тарихына және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруіне орасан зор үлес қосқан әлемдік космонавтиканың озық жетістіктерінің символы болып табылады. Ал бүгінде ғарыш айлағы халықаралық ғарыш бағдарламаларының ең маңызды бөлігі болып қала береді.
Жетекші ғарыш айлағының бірі және ғарыш кемелерін ұшыру саны бойынша әлемде сенімді түрде жетекші орынға ие бола отырып, Байқоңыр алда да, ұзақ жылдар бойы әлемдік космонавтикадағы өзінің маңыздылығын сақтайтын болады.
Осы айтулы күні Сізге, құрметті Сергей Владимирович және Байқоңыр ғарыш айлағының барлық қызметкерлеріне Иеміз Құдайдан рақым, бейбітшілік, амандық және жұмыстарыңыз бен игі бастамаларыңызға табыс тілеймін.
Ресейдің Шомылдыру рәсімі мерекесінде Петропавл және Булаев архиепископы Владимир өзінің көктегі қорғаушысының күнін дұға етіп атап өтт
ТолығырақЖексенбі күні Құдайдың пайғамбары Иезекиилиді еске алуға орай, Митрополиттік округ Басшысы Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургияны өткізді
ТолығырақАстанада «Турин Кебіні» халықаралық рухани-ағартушылық көрмесінің ашылуы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр