ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Геннадий (Гоголев)

Геннадий (Гоголев)

Қаскелең епископы, Астана епархиясының викарийі

Туған жылы:

10 наурыз 1967 ж.

Тағайындалған күні:

10 қазан 2010 ж.

Тонсур рәсімі күні:

1 қаңтар 1995 ж.

Періште күні:

5 ақпан

Қаскелең епископы, Астана епархиясының викарийі, Геннадий (Гоголев Михаил Борисович)1967 жылы 10 наурызда Ленинградта қызметші отбасында дүниеге келді.

1974-1984 жылдары Ленинград қаласының №139 математиканы тереңдетіп оқытатын орта мектебінде білім алды.

1984-1986 жылдары мәскеулік криптография, байланыс және информатика Институтында оқыды.

1986 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметін өтеді.

1986 жылдың желтоқсанынан 1987 жылдың шілдесіне дейін - Кирсанов қаласындағы Тамбов епархиясының Космо-Дамиановский шіркеуінің жыршысы.

1987 жылы Санкт-Петербург теологиялық семинариясына оқуға түсіп, 1990 жылы бірінші разряды бойынша бітірді.

1988 жылдан 1990 жылға дейін –Тосненск ауданы, Саблино ауылындағы Санкт-Петербург епархиясының Никольск шіркеуінде жыршы.

1990 жылы Санкт-Петербург теологиялық академиясына оқуға түсіп, 1994 жылы бітірді.

1990 жылы 21 қыркүйекте Санкт-Петербург және Ладожск митрополиті Иоанн (Снычев) оны диакон дәрежесіне тағайындады.

1990 жылы 18 қарашада оны Смоленск және Калининград архиепископы (қазіргі Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы) Кирилл діни қауым басшысы дәрежесіне тағайындады.

1990 жылдан 1992 жылға дейін – Санкт-Петербургтегі Спасо-Преображенск соборының діни қызметкері.

1992 жылдан 1994 жылға дейін –  Санкт-Петербург епархиясының Ломоносов қаласындағы Михайловск соборының діни қызметкері.

1994 жылы қыркүйекте теологиялық академияны бітіргеннен кейін Кострома епархиясының діни қызметкерлеріне қабылданды.

1995 жылы 1 қаңтарда Кострома және Галичский архиепископы Александр (Могилев) Кострома қасиетті Геннадий құрметіне Геннадий атымен шаш қию рәсімін жасады.

1995 жылдан 1996 жылға дейін – Кострома теологиялық училищесінің ректоры.

1995 жылдан 2010 жылға дейін – Кострома қаласындағы Әулие Алексеевская шіркеуінің басшысы.

1995 жылдан 2010 жылға дейін - Кострома епархиясының әулиелерді заңдастыру жөніндегі епархиялық комиссияның төрағасы.

1996 жылы игумен дәрежесіне көтерілді.

1996 жылдан бастап ол Бүкіл шіркеулік православиелік жастар қозғалысының, кейінірек - жастар ісі жөніндегі Синодтық бөлімінің қызметі аясында жүзеге асырылатын православиелік жастар қызметі саласындағы әртүрлі жобаларға қатысты.

1995 жылы «Синдесмос» православ жастарының Бүкіләлемдік бауырластығының XV Бас Ассамблеясында Шығыс-еуропалық аймағының өкілі ретінде Атқару комитеті құрамына сайланды.

1996 жылдан 2010 жылға дейін – қайта жанданған Кострома теологиялық семинариясының ректоры. Ол семинарияда Орыс православие Шіркеуінің тарихынан, жалпы шіркеу тарихынан және шіркеулік теологиядан сабақ берді.

1998 жылы 1 қыркүйекте архимандрит дәрежесіне көтерілді.

2000 жылы жастар ісі жөніндегі Синодтық бөлім төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылдың сәуірінен - ​​Астана және Алматы епархиясының діни қызметкері, Вознесенский кафедралы соборының басшысы.

Қасиетті Синодтың 2010 жылғы 31 мамырдағы шешімімен (№43 журнал) Қаскелеңдік атағымен Астана епархиясының викарийі болып сайланды.

Қасиетті Синодтың 2010 жылғы 26 шілдедегі шешімімен (№ 79 журнал) Алматы теологиялық семинариясының ректоры болып тағайындалды.

2010 жылдың 7 қазанында қасиетті Радонежский Сергийдің тынығуы қарсаңында Әулие- Троица Сергиев лаврасында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл архимандрит Геннадийді Қаскелең епископы, Астана епархиясының викарийесі етіп белгіледі.

2010 жылдың 10 қазанында Елуінші күн мейрамынан кейінгі 20-шы аптада, Мәскеу облысы Орехово-Зуево қаласындағы Қасиетті Құдай Ана Рождествосы  соборындағы  литургия кезінде Патриарх Кирилл көптеген архипастырлармен бірге архимандрит Геннадийдің Қаскелең епископы, Астана епархиясының викарийі етіп тағайындады.

Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі Синодының 2012 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен (№ 66 журнал) «Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік Округін» (Қазақстанның Православие Шіркеуі) Республикалық діни бірлестігін мемлекеттік қайта тіркеуге байланысты Округтің Азаматтық Жарғысының 5.4-тармағын басшылыққа ала отырып, «Митрополиттік Округі Синодының істері жөніндегі басқарушысы» лауазымы «Митрополиттік округі істері жөніндегі басқарушысы» деп өзгертуге шешім қабылданды.

Ғылыми еңбектері, басылымдары:

  • «Протоиерей Александр Васильевич Горскийдің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация (СПбДА, 2003);
  • Монография «Оқу алыбы. Протоиерей А.В. Горский өмірі мен шығармашылығы»;
  • Шіркеу және қоғамдық өмір мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен басылымдар.

Шіркеу марапаттары:

  • 2012 ж. –«Алгыс» («Благодарность») ордені;
  • 2012 ж. – «Түркістан епархиясының құрылғанына 140 жыл» медалі;
  • 2013 ж. – Қазақстан Митрополиттік округіне  10 жыл толуына арналған медалі;
  • 2015 ж. – апостолдарға тең ұлы кнәз Владимирдің 1000 жылдығына арналған медалі;
  • 2015 г. – апостолдарға тең ұлы кнәз Владимирдің 1000 жылдығына арналған медалі;
  • 2016 г. – Қарағанды діндары, қасиетті Севастиан медалі;
  • 2017 г. – ІІІ дәрежелі қасиетті Серафим Саровский ордені;
  • 2017 г. – қасиетті шейіттер Серафим және Феогност ордені;
  • 2017 г. – Түркістан епархиясының құрылғанына 140 жыл медалі;
  • ІІІ дәрежелі қасиетті Сергий Радонежск ордені;
  • ІІІ дәрежелі Мәскеу және Коломенск митрополиті, әулие Иннокентий ордені.

Зайырлы марапаттары:

  • 2014 ж. – Пушкин медалі (РФ);
  • 2016 ж. – «Құрмет» ордені;
  • 2017 ж. – «Еңбек. Ерлік. Намыс» (Кострома облысы) медалі.
Сілтеме көшірілді