11 мамыр 2025 жыл – Пасхадан кейінгі 4-ші апта, әлсірегендер туралы. Бұл жексенбілік құдайлық қызмет 38 жыл бойы ауыр зардап шеккен науқасты Иеміздің сауықтырғанын дәріптейді. Бұл ғажайыпта Шіркеу Мәсіхтің Қайта тірілуі арқылы бүкіл адамзаттың өмірінің жаңаруын көреді.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Шымкент епархиясының бас шіркеуі – Шымкент қаласындағы Никольский соборында Пасха рәсімімен Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан; Құдай Ананың «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» иконасы құрметіне арналған алматылық шіркеу басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Оңтүстік Қазақстан шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Антоний (Соловьев); Шымкент қаласының Архистратиг Михаил шіркеуінің басшысы протоиерей Андрей Лебедев; Никольский кафедралды соборының клиригі протоиерей Евгений Глущенко; Шымкент епархиясының ақпарат бөлімі және Шіркеу мен қоғамның байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Могилевский; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Алматы және Шымкент епархиясы шіркеулерінің клириктері.
Әндерді Е.В. Алешина жетекшілігіміен Әулие Никольский кафедралды соборының хоры орындады.
Ғибадат ету кезінде дұға еткендер: Шымкент епархия басқармасының қызметкерлері, казактар, жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері, Шымкент қаласындағы шіркеулердің приходтары, жақын маңдағы ауылдардан келген қажылар.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Георгий Сидоров оқыды.
Литургия соңында шіркеудің айналасында кресттік шеру және пасханы мадақтау болды, содан кейін митрополит «Мәсіх тірілді!» деп әртүрлі, ежелгі және заманауи тілдерде айтты.
Митрополит Александр мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферидің (Козорез) тыныққтан жерінде лития жасады.
Архипастор сенушілерге қасиетті су шашып, ғибратты сөздерін айтты.
"Пасха дұғаларында Мәсіхтің "қабірдегілерге" өмір сыйлағаны туралы сөздер көп қайталанады. Құтқарушы Өзінің Қайта тірілуі арқылы қайта тірілткен өлгендерді Шіркеу кім деп атайды? Бұлар Адам мен Хауадан бастап, бүкіл адамзат, Иеміз дүниеге келгенге дейін шындық пен бостандық туралы білмеген Ескі Өсиеттің әділ адамдары (Ин. 8:32), бұлардың бәрі Мәсіхке сену арқылы Құдайдың рақымымен қайта тіріліп, тәубеге келу мен Ізгі хабар өсиеттерін орындау арқылы қайта тірілді. «Жан күнәдан ізгілікке ауысқанда, - деп үйретеді құрметті Авва Дорофей, - ол Жаратқан Иенің Пасхасын тойлайды. Жаратқан Иенің Пасха мейрамы – жамандықтан жақсылыққа көшу» болып табылады. Мәсіхтің өлімді жеңгені туралы Інжіл кереметі әрбір адамға жаңа өмір бастауға – Құдайдың құдіретіне сену арқылы Қайта тірілген Құтқарушымен бірге қайта тірілуіне үндеу болып табылады (Кол. 2:12 қараңыз). Өзінің Қайта тірілуі арқылы Мәсіх апостолдарды Өзінің уәдесінің ақиқаттығын және өзгермейтіндігін растады: «Мен қайта тірілтушімін және өмірмін; Маған сенуші өлсе де, ол тіріледі. Кімде-кім Маған сенетін болса, ол ешқашан өлмейді» (Ин. 11:25,26). Бұл ізгі хабарды Иеміздің шәкірттері бүкіл жер бетіне таратып отырды және әр христиан өз өмір жолында әрқашан қиындықтар мен сынақтарда, қайғы-қасіретте және қиын жағдайларда « қайта тіріліп, өлілердің де, тірілердің де Иесі болу үшін өмірге келген» Мәсіхке сенеді (Рим. 14:9). Митрополит Александрдың уағызынан.
Қостанай епархиясында Патшалық шейіттерді еске алуға арналған түнгі Литургия мен крестті шеру өтті
ТолығырақӨскемен епархиясында Рудный Алтайдың басты қасиеттісі – Құдай Анасының Знаменско-Абалацкая белгішесінің құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті
ТолығырақҚұдай Анасының Қазан белгішесі күні. Митрополит Александр Литургияны тақ мерекесін атап өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне шіркеуінде өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр