6 шілде 2025 жыл – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 4-ші апта; Құдай Анасының Владимирский және Астана-Почаевский икондарының құрметіне арналған мереке.
Ең Қасиетті Құдай Анасының Астана-Почаевский иконасы православие әлемінің қасиеттілер тізімі, Орыс Православие Шіркеуінің құрмет тұтатын қасиеттісі – Құдай Анасының ғажайып Почаевский иконасы болып табылады. Ашылған Почаевский белгішесінің көшірмесі 1960-шы жылдардың басында Почаевтан
Целиноградтағы (қазіргі Астана) Константино-Еленинский шіркеуінің ректоры протоиерей Николай Иваненкомен әкелінді. 70-ші жылдардың басында қасиетті иконды қастерлеу дәстүрін көрнекті пастор және дінді мойындаушы архимандрит Кирилл (Бородин) жалғастырды. 2011 жылы 4 маусымда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен өткен Қазақстан Православие Шіркеуінің Синодының отырысында жыл сайынғы 6 шілдеде қасиетті Құдай Ананың Астана иконасын жаңа стиль бойынша атап өту белгіленді.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласының Патриархалдық қоналқалық үйі – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің Өкілдігінде қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және Софья атындағы шіркеуінде құдайлық литургияны өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы рухан семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовт және олардың анасы София атындағы шіркеудің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко), қоналқалық үйдің діни қызметкерлері.
Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады.
Қызметте дұға еткендер: Қазақстан Православие шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайрткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті , Орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; өкілдік қызметкерлері, Ратриархалдық қоналқалық үйдің негізін қалаушылар және шіркеудің приходтары.
Литургия Ең Қасиетті Құдай Анасын мадақтаумен аяқталды, содан кейін митрополит Александр приходтарды Аспан патшайымының құрметті белгішелерін мерекелеу жексенбі күнімен құттықтады және жиналғандарға тағлымды сөздерін айтты.
«Өткеннің сабақтары бізді, ХХІ ғасырдағы православиелік христиандарды мынаған үйретеді: жердегі өмірде шынымен сенетін адам, қаншалықты қиын болса да, елшілерді шабыттандырған, шейіттер мен мойындаушыларды сенімдерінде нығайтқан, әулиелердің күш-қуатын арттырған, әулиелерді сопылық өмірге баулыған баға жетпес рухани қазына (1 Пет. 1:21) - жан дүниесінде «Құдайға деген сенім мен үмітті» сақтауы керек.
Құдай Анасының өзі біз үшін христиандық өмірдің үлгісі болады - қасиетті шейіт Игнатий Богоносең сөздеріне сәйкес,«қуғын-сүргін мен қиыншылық кезде әрқашан көңілін түсірмеген, мұқтаждық пен кедейлікте еңсесі түспеген, қорлағандарға ашуланбаған, тіпті оларға жақсылық жасаған; молшылықта өзін кішіпейіл танытып, кедейлерге мейірімді және оларға қолынан келгенше көмектесті, тақуалықта және барлық жақсы істерде ақылшы болған». Ең қасиетті Құдай Анасының мейірімі оның ғажайып икондарын құрметтейтін және Оған сеніммен ғибадат ететін бәрімізбен - Иеміз Құдайдың Анасы және біздің аяулы Анамыз, Аспан мен жердің Патшайымы - үздіксіз, «әр уақытта және әр сағатта» бірге болғай. Митрополит Александрдың уағызынан
Құдай Анасының Астана-Почаевский иконасы құрметіне мереке деп танылған жексенбі күні митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақАлматы рухани семинариясының делегациясы Өзбекстан Республикасының қасиетті жерлері мен көрікті жерлеріне барды
ТолығырақКузбасс митрополисының делегация мүшелері Қазақстанның Православие Шіркеуінің наградаларымен марапатталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр