7 шілде 2025 жылы, асыл Пайғамбар, Иеміз Құдайдың Ізашары және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанның Рождествосы күні Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылындағы Предтеченский шіркеуі өзінің тақ мерекесін атап өтті.
Ғибадатхана «Родина» агроөнеркәсіп кешенінің басшысы – Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович Сауэрдің бастамасымен және қамқорлығымен бой көтерді. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен мерекелік шараны Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) басқарды.
Архимандрит Сергийге шіркеудің кілтшісі иерей Кирилл Бондарь және құрметті өкілдіктің діни қызметкерлері қызмет етті.
Литургия әндерін О.Варенцованың жетекшілігімен Успен кафедоалды соборының хоры орындады.
Қызмет етуде Родина ауылы мен оның маңындағы елді мекендердің тұрғындары мен Қазақстанның астанасынан келген қажылар дұға жасады.
Мерекелік Литургия кресттік шерумен және шіркеудің көктегі қамқоршысы, Иеміз Құдайдың Ізашары Иоаннды мадақтаумен аяқталды, содан кейін құрметті өкіл жиналғандарға қасиетті суды шашты.
Архимандрит Сергий (Карамышев) дін қауымын, приходтар мен қажыларды мерейлі мерекемен құттықтап, уағызын айтты.
Пастор Қазақстанның Еңбек Ері И.А. Сауэрге приходтық өмірді қолдағаны және Иеміз Құдайдың шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанның құрметіне қасиетті етілген шіркеуді абаттандыруға қамқорлық жасағаны үшін митрополит Александрдың алғыс сөздерін жеткізді.
Алматы қаласындағы ең көне храм– Құдай Анасының Қазан иконасының құрметіне арналған собордың тақ мерекесіне Митрополит Александр басқарды
Толығырақ
Қостанай епархиясында Патша әулетінің қасиетті азап шегушілерін еске алу құрметіне түнгі Құдайлық Литургия мен діни шеру өтті
Толығырақ
«Православие интернет-каруселі» халықаралық жастар викторинасының жаңа маусымына дайындық жұмыстары басталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр