21 тамыз 2025 жыл. Петропавл. Петропавл және Булаев архиепископы Владимирдің төрағалығымен Вознеский кафедралды соборы жанындағы рухани-әкімшілік орталығында епархия кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жұмыс отырсына қатысқандар: епархия әкімшілігінің хатшысы протоиерей Сергей Первушин, Петр және Павел апостолдары шіркеуінің басшысы протоиерей Сергей Снопков, Мамлютский шіркеу округінің құрметті өкілі иерей Евгений Столяров, Мефодий шіркеуінің басшысы иерей Михаил Березин, Бүкіл әулиелер шіркеуінің кілтшісі иерей Антоний Шувакин.
Жұмыс кездесуі «Аспан Патшасына» дұға айтумен басталды.
Отырыс Петропавл және Булаев епархиясының басқарушысы архиепископ Владимирдің баяндамасымен ашылды.
Архипастор жиналғандарға өзінің Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясына қатысуы туралы хабардар етті.
Баяндаманың ерекше тақырыбы Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Мәскеу және бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің Қазақстанға алдағы сапары туралы болды.
Отырыс барысында кеңес мүшелері епархиялық және приходтық деңгейдегі шіркеу өмірінің өзекті мәселелерін талқылады.
Отырыс соңында архиепископ Владимир жиналғандарға алғысын білдіріп, барлығына архипасторлық батасын берді.
Петропавл епархиясының сайтындағы материалдар негізінде алынды.
Алматы қаласындағы ең көне храм– Құдай Анасының Қазан иконасының құрметіне арналған собордың тақ мерекесіне Митрополит Александр басқарды
Толығырақ
Қостанай епархиясында Патша әулетінің қасиетті азап шегушілерін еске алу құрметіне түнгі Құдайлық Литургия мен діни шеру өтті
Толығырақ
«Православие интернет-каруселі» халықаралық жастар викторинасының жаңа маусымына дайындық жұмыстары басталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр