31 тамыз 2025 жыл. Өскемен. Рудный Алтай астанасының бас шіркеуінің аумағында Андреевский кафедралды соборында Құдайлық Литургия аяқталғаннан кейін тағзым ету кресті орнатылып, қасиетті етілді.
Ескерткіш белгінің ашылуы XX ғасырда Шығыс Қазақстанда сенімі үшін азап шеккен православие дінбасылары, монастырдегілер мен қарапайым сенушілерді еске алуға арналған.
Қасиетті ету рәсімінде дұға еткендер: «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун, Өскемен епархиясы шіркеулерінің дінбасылары мен приходтары.
Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий крестті қасиетті ету рәсімін өткізді.
Рәсім басталар алдында Жоғары Мәртебелі сөз сөйлеп, Орыс Православие Шіркеуінің тарихи тағдыры үшін ХХ ғасырдағы Мәсіхтің азап шегушілерінің ерлігі және әрбір сенушілердің рухани өміріндегі жаңа шейіттер мен күнәларды мойындаушылардың қастерлеуінің маңыздылығы туралы айтты.
Қасиетті бағыштау рәсімінен кейін дін қауымы Өскеменнің жаңа шейіттері мен діндарларына ұлықтау айтты. Тағзым ету крестіне гүл шоқтары қойылды.
Тағзым ету кресті Троица шіркеуінің аттас монастырінің жанына орнатылды.
Естелік белгісі мәрмәрдан жасалған және трапеция тәрізді тұғырдағы крест болып табылады. Алдыңғы жағында Иеміз Иса Мәсіхтің алдында тұрғандармен бірге айқышқа шегеленген барельефтік сурет, ал төменгі жағында шіркеулік-славян тілінде: «ХХ ғасырдағы қуғын-сүргін жылдарында осы жерде жазықсыз өлтірілген православиелік діни қызметкерлерді, монахтарды және қарапайым адамдарды еске алу» деген жазу бар.
Алматы қаласындағы ең көне храм– Құдай Анасының Қазан иконасының құрметіне арналған собордың тақ мерекесіне Митрополит Александр басқарды
Толығырақ
Қостанай епархиясында Патша әулетінің қасиетті азап шегушілерін еске алу құрметіне түнгі Құдайлық Литургия мен діни шеру өтті
Толығырақ
«Православие интернет-каруселі» халықаралық жастар викторинасының жаңа маусымына дайындық жұмыстары басталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр