23 қыркүйек 2025 жыл. Алматы. Әулие Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының камин залында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы епархиясының канцеляриясының қызметкері Л.Г. Фролован туған күні мерейтойымен құттықтады.
Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; Алматы епархиясының бас есепшісі Т.В.Коровникова; Алматы епархиялық басқармасының кеңсе меңгерушісі Т.М. Соколова; Епархия басқармасының қызметкерлері.
Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллдің батасымен Митрополит Александр Лидия Григорьевнаға Ұлы ханшайым Елисавета Феодоровнаның III дәрежелі орденін табыс етті.
Орыс Православие Шіркеуінің бұл жоғары наградасы Алматы епархиясының канцеляриясының қызметкеріне «Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы еңбегі үшін» және туған күнінің мерейтойына орай берілді.
Архипастор мерейтой иесін құрметтей отырып, былай деді: «Сіз отыз жылдан астам уақыт бойы Алматы епархиясының басқарма қабырғасында қызмет етіп келесіз, оның дамуы мен қалыптасуы Сіздің көз алдыңызда тікелей, белсенді және мейірімді қатысуыңызбен өтті. Сіз әрқашан өзіңізге жүктелген міндеттеріңізді жауапкершілікпен және кәсіби түрде орындай білдіңіз. Сіз талпынысыңызбен, өз міндеттеріңізге байсалды, «Құдайдай» көзқарасыңызбен, еңбекқорлығыңыз және басқаларға мейірімді, жанашыр қарым-қатынасыңызбен басшылық пен қызметкерлердің сүйіспеншілігіне және лайықты құрметіне бөлендіңіз.
Құдіреті шексіз Ие, мейірімділіктің Әкесі және барлық жұбаныштың Құдайы (1 Кор 1:3) өмір жолыңызда Өзінің бар мейірімін беруін сұраймын. Сіздің денсаулығыңыз бен амандығыңыз үшін Қазақстан жерінде жарқыраған Мәсіхтің жаңа шейіттері мен діндарларына дұға етемін.
Алматы қаласындағы ең көне храм– Құдай Анасының Қазан иконасының құрметіне арналған собордың тақ мерекесіне Митрополит Александр басқарды
Толығырақ
Қостанай епархиясында Патша әулетінің қасиетті азап шегушілерін еске алу құрметіне түнгі Құдайлық Литургия мен діни шеру өтті
Толығырақ
«Православие интернет-каруселі» халықаралық жастар викторинасының жаңа маусымына дайындық жұмыстары басталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр