ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
23.11.2025, 14:00

Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Қарағандыдағы Богородице-Рождественский монастырінде болды.

Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Қарағандыдағы Богородице-Рождественский  монастырінде болды.

22 қараша 2025 жыл. Қарағанды. Қарағанды ​​епархиясына архипасторлық сапары барысында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қарағандыдағы әулие Севастианның тақуалық еңбектерінің орны – Михайловкадағы Богородице-Рождественский монастырінде болды.

Монастырге Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысымен бірге келгендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий, Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Орал және Атырау епископы Вианор.

Билеуші митрополит пен оның қонақтарын қарсы алғандар: Қарағандының Богородице-Рождественский  монастырінің басшысы  игумения Олимпиада (Салопеко) монастыр тұрғындарымен; Богородице-Рождественский  монастырінің құрметті ақсақалы -  Севастианның рухани баласы мен шәкірті архимандрит Петр (Горошко).

Монастырь шіркеуінде Митрополит округінің Басшысы ГУЛАГ-тың ең үлкен түзету-еңбек лагерлерінің бірі - Карлаг құрбандарына және «құдайсыз қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз азапталып, өлтірілгендерге, аштықтан, суықтан, жаралардан, аурудан және ауыр жұмыстан қайтыс болғандарға» бағыштап лития жасады, содан кейін уағызын айтты.

Дәстүр бойынша митрополит Александр, иерархтар мен дінбасылар әулиенің мемориалдық кельяларына барып, Қазақстанның қорғаушысының құрметіне тропарион әнін шырқады. Билеугі митрополит жиналғандарды әулиенің белгішесінің алдында жанып тұрған шамының зәйтүн майымен майлады.

Архиепископ Севастиан мен игумения Олимпиада Митрополиттік округінің Басшысын монастырь ғимаратының құрылысы, тұрғын үй және коммуналдық бөлмелердегі жөндеу жұмыстары жөнінде, аумақты абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстырды.

Сол күні Митрополиттік округ Басшысы қала зиратындағы монастырлық қорымда жерленген Әулие Севастианның рухани балалары мен шәкірттері – архимандрит Анатолий (Киселев) мен схиигумения Севастианның (Жукова) тыныққан орнында болды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді