ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
06.01.2026, 21:00

Рождество Христово мерекесінің қарсаңында митрополит Александр Алматы басты ғибадатханасында түні бойы сергектік өткізді

Рождество Христово мерекесінің қарсаңында митрополит Александр Алматы басты ғибадатханасында түні бойы сергектік өткізді

6 қаңтар 2026 жыл. Христос Рождествосы мерекесінің қарсаңында, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында түнгі сергектік(всенощное бдение) өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының рухани әкесі архимандрит Иоанн (Сазонов) және собордың дін қызметкерлері.

Шіркеу Жарғысына сәйкес, Рождество қарсаңындағы түнгі сергектік Ұлы кешкі құлшылықтан (Ұлы повечерие) басталады. Бұл құлшылықта Иса пайғамбардың салтанатты жыры орындалады:

«Құдай бізбен бірге! Ұғыныңдар, халықтар, және мойынсұныңдар, өйткені Құдай бізбен бірге!»

«Құдай бізбен бірге!» деген сөздердің жиі қайталануы пайғамбарлар алдын ала жариялаған Құтқарушы-Эммануилдің дүниеге келуіне байланысты сенушілердің рухани қуанышын білдіреді.

Ұлы кешкі құлшылық литиямен (күшейтілген дұғасымен) және нанның, шараптың, бидайдың және елейдің (майдың) қасиеттелуімен аяқталды.

Таңғы құлшылықта Құдайананың Ең Таза Бикеш Мариядан Құдайсәби Христостың дүниеге келуі жайында баяндайтын Матфей Інжілінен үзінді оқылғаннан кейін, Митрополиттік округтің Басшысы жиналған қауымға архипастырлық уағызын айтты.

Рождестволық таңда Христос Рождествосының каноны орындалды:«Христос дүниеге келді — мадақтаңдар! Христос көктен келді — қарсы алыңдар!» Түнгі құлшылықтың мерекелік әндерінде періштелердің рождестволық мадақтаулары жиі қайталанды: «Ең жоғарыда Құдайға даңқ, жер бетінде тыныштық, адамдарға рақым!»

Канон оқу барысында митрополит Александр мереке белгішесіне тағзым етіп келген сенушілерді қасиеттелген елеймен майлады.

Құлшылық аяқталған соң, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтың басқаруындағы Митрополитиік округ хоры әлемге кеңінен танымал рождестволық әндердің бірі — «Палестина үстінде тынық түн» әнін орындады.

«Құдайлық Сәбидің дүниеге келуі арқылы адамдарға бұл өткінші дүниенің уақытша бақыты да, бос ермектің ләззаты да емес, шынайы әрі ұлы қуаныш сый етілді: енді біз — Құдайдың балаларымыз (Рим. 8:16). Өзін сүйетіндерге арналған Иеміздің уәделері қандай әсерлі әрі мәнді: “Сендерді жетім қалдырмаймын” (Ин. 14:18), “Ғасырдың соңына дейін барлық күндерде сендермен біргемін” (Мф. 28:20). Расында да, енді және мәңгі — Құдай бізбен бірге! Христос Рождествосын атап өту арқылы біз ақыл-ойымыз бен жүрегімізде Інжілдің мына сүйінші хабарын жаңартамыз: Құдай Ұлы шынайы Адам болды, сол арқылы адамдар күнә салдарынан жоғалтқан Құдай балаларының қадір-қасиетін қайта тапты, жер бетінде үмітке және Аспанда таусылмас бақытты Құдаймен қауышуға ие болды. Жаңа туған Құдайсәбиін псалмдармен және әнұрандармен мадақтай отырып, біз бұл дүниеде бірде-бір адам Құдайдың назарынан тыс қалмағанын куәландырамыз, өйткені Ол біздің әлсіздіктерімізді Өз мойнына алып, дерттерімізді көтерді (Ис. 53:4), Ол әрбір көз жасты сүртеді, әрі енді жылау да, айқай да, ауру да болмайды (Откр. 21:4). Құтқарушының бүкіл жердегі өмірі адам қайғы-қасіретіне деген сүйіспеншілік пен мейірімділіктің, оның күнделікті ауыртпалықтары мен мұқтаждықтарына жанашырлықтың көрінісі болды. Құдай Иеміздің дүниеге келуінің нұрлы да қуанышты мерекесі бізге Жаратушыны және жақынымызды жалынды сүйіспеншілікпен сүю, сондай-ақ Құдай бізге өмір сүруді бұйырған осы дүниенің ең болмағанда кішкентай бөлігін жылытудың қажеттігін еске салады»

— митрополит Александрдың Рождестволық сөзінен.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді