ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.01.2026, 16:00

Рождество мейрамының соңғы күні. Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Благовещенский храмында Құдайлық Литургияны өткізді

Рождество мейрамының соңғы күні. Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Благовещенский храмында Құдайлық Литургияны өткізді

13 қаңтар 2026 жыл - Рождество мейрамының соңғы күні; қасиетті Паисий Святогорецті еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласының Алатау шағын ауданында орналасқан, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты орналасқан аумақтағы Қасиетті Құдай Анасының Ізгі Хабары құрметіне арналған храмда Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесі құрметіне арналған алматылық  храмның басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Іле шіркеулік округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Гүлдала кентіндегі Иоанн Предтеча храмының басшысы протоиерей Георгий Харлов; Орлов епархиясының орталық округі храмдарының құрметті өкілі протоиерей Василий Иванов (Орлов митрополиясы, Ресей); Ақжар шағын ауданындағы Богородице-Рождественский храмының басшысы иеромонах Алексий (Черевцов); митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Баганашыл шағын ауданындағы Владимир храмының кілтшісі иеромонах Сергий (Внуковский); Саймасай (Александровка) ауылындағы Александр-Невский шіркеуінің басшысы иерей Роман Клюев; Алматы рухани семинариясының сырттай бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев; Адриан-Наталиевский храмының кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; протодиакон Сергий Куликов; диакон Рустик Якупов; диакон Георгий Ткаченко; диакон Даниил Пасюк.

Сенушілердің рухани нығаюы үшін храмға Афондағы қасиетті Павел монастырінен Алматыға әкелінген волхвтардың Сыйлары салынған кеменің көшірмесі жеткізілді.

Құдайлық қызмет барысында дұға еткендер: Қазақстандағы Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, орыс шіркеулік әнін дамыту жөніндегі Патриархиялық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Алатау шағын ауданының православие тұрғындары және көршілес елді мекендерден келген діндар жамағат.

Әндерді диакон Александр Пивняның басқаруымен Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.

Бірлесу алдындағы уағызды иерей Георгий Рублинский оқыды.

Литургия соңында мейрам белгішесінің алдында дін қызметкерлері, хор және жамағат Рождествоға арналған тропарьды, кондакты және ұлықтау әнін орындады.

Митрополит Александр иерархтарды, дін қызметкерлерін және прихожандарды Құдай Сөзі – Христостың әлемге келуіне арналған мейрамның соңүы күнімен құттықтап, жиналған қауымға уағызын айтты.

Митрополиттік округтің Басшысы жамағатқа қасиетті судан септі.

«Православие құлшылығында мейрамның соңғы күні деп ұлы екі он жылдық мейрамның соңғы күні аталады. Бүгін біз осы жылы соңғы рет салтанатты құлшылықта Христос – Тіршілік Берушінің әлемге келуін баяндайтын, бейбітшілік пен Құдайдың адамзатқа деген сүйіспеншілігі туралы дұғалар мен әндерін естідік. Сенуші адам Рождествоның нұрлы мерекесін әрдайым тағатсыздана күтеді, қуанышпен қарсы алып, Құдайға ризашылықпен шығарып салады. Құдай бола тұра, Иеміз Иса Мәсіх адам болып, бізге Өз күшін және рақымын беру, күнәдан және оның салдарлары – қайғы-қасіреттерден құтқару үшін келді. Міне, осыда Құдай махаббатының рухани биіктігі, Оның мейірімі мен адамзатқа деген жанашырлығының сөзбен айтып жеткізгісіздігі көрінеді. Рождество мейрамында біз тропарьда айтқандай, “ақыл-парасат нұры әлемге шашылды” – бұл Құдай туралы, адам туралы және құтқарылу жолы жайлы шынайы танымның нұры. Құдайдың адам болып келуі бізге Құдайдың балалары болу қуанышын және мәңгілік өмірге деген үмітті сыйлайды. Рождество  мейрамын шығарып салып тұрып, біз тағы да “құдайшылықтың ұлы құпиясына” – Құдай мен адамның бірлігінің құпиясына жүгінеміз. Тәнде келген Мәсіх мәңгі бізбен бірге қалды. Ол қасиетті Евхаристия құпиясында, дұғада және игі істерде, храмда және өмірдің барлық жолдарында бізбен бірге: “Мен заманның ақырына дейін сендермен біргемін” (Мф. 28:20)». митрополит Александрдың  уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді