14 қаңтар 2026 жыл - Иеміз Иса Мәсіхтің Сүндеттелуі мерекесі және ұлы иерарх әрі бүкіләлемдік ұстаз — Каппадокий Кесарий архиепископы, ұлы әулие Василийді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Петропавл храмында Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына қызмет еткендер: Петропавл шіркеуінің басшысы протоиерей Владимир Шкляр; Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Петропавл храмының кілтшісі протоиерей Кирилл Шкляр; Орловский епархиясының орталық округ храмдарының құрметті өкілі протоиерей Василий Иванов (Орловск митрополиясы — Ресей); Іле шіркеулік округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Космо-Дамиановский храмының басшысы иерей Андрей Шкляр; митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Петропавл храмының клиригі иерей Максим Лысенко; Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Сергий Куликов, диакон Георгий Ткаченко және диакон Даниил Пасюк.
Құдайлық қызмет барысында дұға жасағандар: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттіа округі хорының регенті, Орыс шіркеулік ән айтуын дамыту жөніндегі Патриархтық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері мен Оңтүстік астананың храмдарының келушілері.
Мерекенің құрметті қонағы — «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун болды.
Құдайға арналған әндерді Петропавл шіркеуінің хоры И.Н. Коровинаның басқаруымен орындады.
Бірлесу алдындағы уағызды иерей Георгий Сидоров оқыды.
Литургия соңында Құдай Иеміздің Сүндеттелуі мерекесі мен ұлы әулие Василийге арналған мадақтау орындалып, Жаңа жылдың басталуына және Каппадокиялық иерархқа арналған дұғалар оқылды.
Көпжылдық тілеу айтылғаннан кейін әмірші жиналған қауымға архипастырлық уағызвн айтып, ұлы әулие Василийдің өмірі мен еңбектері туралы сөз қозғап, Құдай Иеміздің Сүндеттелуі мерекесінің рухани мағынасын түсіндірді.
«Мәсіхтің Рождествосынан кейінгі сегізінші күні Иеміз Иса Мәсіхтің Сүндеттелуі мерекесі атап өтіледі және ұлы иерарх әрі бүкіләлемдік ұстаз — ұлы әулие Василий мадақталады. Әрбір евангелиялық оқиға қасиетті деп аталады, өйткені ол адамзаттың қасиеттелуі мен құтқарылуы үшін жүзеге асқан. Шіркеу осы оқиғаларды еске ала отырып, бізде Құдайға, ақиқатқа ұмтылуды тәрбиелеуді, әділ өмірге шабыт беруді көздейді. Құтқарушымыз көне өсиет заңына сәйкес, барлық сәби ер балаларға Құдайдың Авраам атамен және оның ұрпақтарымен жасаған Келісімінің белгісі ретінде белгіленген сүндеттелуді қабылдады. Осы рәсім кезінде Құдайлық Нәрестеге қасиетті Ізгі Хабар күні Архангел Гавриил жария еткен есім — Иса есімі берілді. Иса есімі аудармада — Құтқарушы дегенді білдіреді.Шіркеу әкелерінің түсіндіруінше, Заңның Жаратушысы болған Қүдай Иеміз сүндеттелуді қабылдай отырып, адамдарға Құдайлық өсиеттерді мүлтіксіз орындаудың үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, Құдай Иеміздің Сүндеттелуі Мәсіхтің адамдық табиғатының шынайылығын паш етеді: Оның тәні шынайы болды, кейбір бидғатшылар үйреткендей түсініксіз емес еді. Жаңа Өсиетте сүндеттеу рәсімінің орнын Шомылдыру рәсімі басты. Ұлы әулие Василий, Каппадокий Кесарии архиепископы — IV ғасырда өмір сүрген ұлы әке әрі Шіркеу ұстазы. Ол өз қызметін атқара жүріп, жалынды түрде уағыз айтып, өз отарының мұқтаждықтарына тынымсыз қамқорлық көрсетті, сол арқылы халықтың зор құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болды. 370 жылы ол епископтар Соборының шешімімен Кесария кафедрасына сайланды. Шіркеу үшін ауыр кезеңде ол православие сенімін сөздерімен және жолдауларымен адасушылардан қорғаған жалынды қорғаушы ретінде танылды.
Ұлы Василий — тақуа, дұға қылушы, көптеген богословиялық еңбектердің авторы және бүгінге дейін Православие Шіркеуі атқарып келе жатқан Құдайлық Литургияның құрастырушысы. Православие Шіркеуінің алдындағы еңбектері үшін ол «Ұлы» деп аталып, «Шіркеудің даңқы мен көркі», «әлемнің нұры мен көзі», «догматтардың ұстазы», «білім ордасы» ретінде мадақталады. Ол — Русь ағартушысы, Крещение кезінде Василий есімін алған қасиетті апостолдарға тең ұлы кнәз Владимирдің көктегі қамқоршысы.
Өз өсиеттерінің бірінде әулие бізге адамдармен қарым-қатынас жасаудың маңызды қағидасын қалдырды: “Даналы адам жүзім жегенде, тәттісін таңдап жейді де, піспегенін қалдырады. Сол сияқты ізгі адам өзгені көргенде оның ізгіліктеріне назар аударады, ал ақылсыз адам күнәларын ғана көреді”. Ұлы әулие Василийді еске ала отырып, оның қасиетті өміріне, берік сеніміне, Құдайға деген сүйіспеншілігіне және қасиетті Православиеге деген толық берілгендігіне еліктейік. Әулиенің үлгісімен Христос сенімінің шынайы куәгерлері, тек атымен ғана емес, бүкіл өмірімен нағыз христиандар болуға ұмтылайық». Митрополит Александрдың уағызынан.
Қасиетті Серафим Саровскийді еске алу күні. Митрополиттік округтің Басшысы Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастырінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Алматыда қайырымдылық Рождестволық концерт өтті
Толығырақ
Құдай Иеміздің Сүндеттелуі мерекесінде және Ұлы әулие Василийді еске алу күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Оңтүстік астанадағы Петропавл храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр