ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
21.01.2026, 17:00

Митрополит Александр Қытаймен шекарада орналасқан Алматы епархиясының ең алыс приходы — Жаркент қаласындағы Илия Пайғамбар храмында болды

Митрополит Александр Қытаймен шекарада орналасқан Алматы епархиясының ең алыс приходы — Жаркент қаласындағы Илия Пайғамбар храмында болды

21 қаңтар 2026 жыл. Жетісу облысы, Жаркент қаласы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қытаймен шекарада орналасқан Алматы епархиясының ең алыс приходы — Құдай пайғамбары Илия  атындағы храмға барды.

Митрополиттік округінің Басшысын алып жүргендер: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, Орыс шіркеу әнін дамыту жөніндегі Патриархтық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі, теология кандидаты, протоиерей Евгений Иванов; митрополиттің көмекшісі П.В. Соколов; Алматы епархиясының ктиторлары.

Жоғары Мәртебелі митрополит пен оған еріп келгендерді Илия пайғамбар атындағы шіркеудің басшысы иерей Димитрий Каплин Жаркент қаласының православие қауымымен бірге қарсы алды.

Келе сала Жоғары Мәртебелі дін қызметкерлерімен бірге Жаркенттік қасиетті шейіт Василийге бағыштап дұға жасады.

Иерарх Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырлары, пастырлары, монашестволық қауымы мен сенушілері үшін, Қазақстан жерінің тыныштығы мен игілігі үшін, Президентке, билік өкілдеріне, әскері мен Республика халқына арнап ерекше дұғалар оқыды.

Дұға соңында митрополит Александр жиналған қауымды қасиетті сумен шашып батасын берді, содан кейін приход белсенділерімен әңгімелесті.

Архипастырь басшы әкеймен бірге храмды, оған іргелес аумақты және шіркеу ғимараттарын аралап көрді. Иерей Димитрий құрметті қонақтарға приходтың тарихы мен қазіргі өмірі туралы баяндады.

Сапар соңында Митрополиттік округінің Басшысы басшы мен сенушілерге батасын беріп, Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектеріне Құдайдың көмегін тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді