25 қаңтар 2026 жыл - Елуінші күннен кейінгі, Богоявлениеден кейінгі 33-апта, қасиетті азап шегуші Татиананы және онымен бірге Римде азап шеккендерді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласының Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Қазақстан Митрополитік округінің іс басқарушысы Қаскелең епископы Геннадий мен Талғар епископы Вениамин; Алматы храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы, богословия кандидаты, митрофорлы протоиерей Валерий Захаров; Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесі атындағы храмның бамшысы протоиерей Евгений Воробьев, Алматы епархиясының рухани әкесі архимандрит Иоанн (Сазонов); Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі, богословия кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборының клиригі протоиерей Александр Иевлев, Богоявление храмының басшысы протоиерей Валерий Шаврин, митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский, Алматы рухани семинариясының сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев; протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко, диакон Даниил Пасюк.
Құдайға мадақ әндерін Митрополиттік округ хоры (регенті — Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстер — В. Дударева) және Вознесенский соборының хоры (регенті — Е. Богуславец) орындады.
Құдайлық қызметке «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, епархияның қайырымды жандары, Оңтүстік астананың басты храмы сенушілері қатысып, дұға қылды.
Қасиетті өлең алдында уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.
Литургия соңында Богоявление мерекесі мен қасиетті азап шегуші Татианаға мадақ айту рәсімі өтті. Осыдан кейін митрополит Александр жиналғандарды жексенбілік күнмен және азап шегуші Христостың атымен аталатын жамағат мүшелерінің Періште күнімен құттықтап, зор денсаулық, рухани күш-қуат және Құдайдың мол көмегін тіледі.
Сондай-ақ архипастырь жиналғандарға уағызын айтып, қасиетті Татиананың ерлігі мен азапты қазасы жайында әңгімеледі.
Арнайы архипастырлық құттықтау сөздері биыл қасиетті дін қызметіндегі 40 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған архимандрит Иоанн (Сазонов) әкеге арналды. Осы айтулы күнге орай митрополит Александр Иоанн әкеге Митрополиттік округтің «Алматы митрополиті, қасиетті мойындаушы Николай» орденін табыстады. Жоғары Мәртебелі Алматы епархиясының рухани әкесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және Жетісу жеріндегі Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы пастырлық еңбегінде Құдайдың көмегін тіледі.
Қызмет аяқталған соң Митрополиттік округ Басшысы Оңтүстік астананың басты храмына жамағаттың тұрақты дұға етуі мен тағзым етуі үшін қалпына келтірілген төрт бөлікті қасиетті белгішесін ұлы азап шегуші Георгий Победоносец, Пайғамбар, Алғышартушы және Құдай Иесі Иоанн Креститель; үш әлемдік ұстаз бен әулие — Ұлы Василий, Богослов Григорий және Иоанн Златоуст; Құдайдың архистратигі Михаил; азап шегушілер Флор мен Лавр; қасиетті азап шегуші Власий, Севастия епископы; Иерусалимдік әулие Модест, Мир Ликиялық архиепископ, әулие және ғажайып жаратушы Николай; қасиетті мойындаушы Максим бейнеленуімен сыйға тартты. Бейне Алматы епархиясының ктиторлары сыйға тартқан көне күміс алтын жалатылған окладпен безендірілген.
Оңтүстік астананың басты храмының кілтшісі протоиерей Александр Суворов қасиетті жәдігерді митрополит Александрдың қолынан ризашылықпен қабыл алды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жамағатты қасиетті сумен себеледі.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Иверско-Серафимовский монастырінің тұрғыны схимонахиня Иринаны (Любицкая) ақтық сапарға шығарып салу рәсімін өткізді
Толығырақ
Римдік азап шегушілер Хрисанф пен Дарияны еске алу күні Митрополит Александр Алматыдағы София соборында Алдын ала Қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр