ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
28.01.2026, 15:30

Митрополиттік округтің Басшысы марқұм архиепископ Серапионға (Колосницын) бағыштап лития жасады

Митрополиттік округтің Басшысы марқұм архиепископ Серапионға (Колосницын) бағыштап лития жасады

28 қаңтар 2025 жыл. Алматы.

Митрополит Иосифтің (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығындағы Александр Невский атындағы шағын шіркеуде Астана және Қазақстан митрополиті Александр мәңгі есте қалатын архиепископ Серапионға (Колосницын) бағыштап лития жасады.

2013 жылдан бастап Көкшетау және Ақмола епархиясын басқарған архиепископ Серапион 2025 жылғы 27 қаңтардан 28 қаңтарға қараған түні Жаратқан Иенің құзырына аттанды.

Дұға бағыштау кезінде дұға еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Талғар епископы Вениамин; Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, шіркеулік ән айтуды дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Жаркент шіркеу округінің құрметті өкілі иерей Димитрий Каплин; митрополиттің жеке хатшылық қызметінің жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісінің орынбасары иерей Кирилл Коноплев; Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің қызметкері иерей Владислав Пашков; митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; Вознесенский кафедралды соборының клиригі иеродиакон Софония (Мазуренко); Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері.

Құлшылықта Алма-Ата епархиясының ерлер хоры ән шырқады.

Митрополит Александр жиналған қауымға арнап сөз сөйлеп, марқұм архипастырдың еңбектерін ризашылықпен еске алды.

Лития соңында дін қызметкерлері мен жамағат мәңгілік естелік әнін орындады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді