ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.02.2026, 20:00

Митрополит Александр Алматылық қасиетті шейіттер Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуы және Серафимо-Феогност ерлер монастырінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларды өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді

Митрополит Александр Алматылық қасиетті шейіттер Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуы және Серафимо-Феогност ерлер монастырінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларды өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді

13 ақпан 2026 жыл. Алматы. Митрополит Иосифтің (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округтің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр жұмыс кеңесін өткізді.

Кездесудің басты тақырыбы биыл атап өтілетін рухани маңызы зор күндер – Алматылық қасиетті шейіттер Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына және Ақсай шатқалындағы Серафимо-Феогност ерлер монастырінің құрылғанына 30 жыл толуына дайындық мәселесі болды. Бұл мекен – Оңтүстік астана мен Жетісудың рухани қамқоршыларының тақуалық ерліктері мен азап шегіп қаза тапқан қасиетті орны.

Кеңеске қатысқандар: Митрополиттік округ істерін басқарушысы Каскелендік епископ Геннадий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Митрополиттік округтің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Никольский соборының басшысы, Алматы шіркеу округі храмдарының құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров; Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспасөз бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Серафимо-Феогност Ақсай ерлер монастырінің басшысы игумен Трифон (Печковский); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері.

Жиналыс барысында мерейтой қарсаңында және оны атап өту аясында өткізілетін іс-шаралардың алдын ала тізімі белгіленді.

Митрополит Александр ізгілік жолындағы әрбір тақуа жанның, Інжіл ақиқатын таратуға еңбек сіңірген әрбір жанның, Мәсіх үшін жанын қиған әрбір шейіттің рухани мұрасын құрметпен сақтау – православиелік христианның қасиетті парызы екенін атап өтті.

«Олар біздің мадақтауларымыз бен дұғаларымызға мұқтаж емес, керісінше біз олардың күнделікті көмегі мен қолдауына мұқтажбыз», – деп атап көрсетті архипастырь.

Мерейтойлық салтанаттардың орталығы Серафимо-Феогност ерлер монастырі болмақ. Мұнда қазақстандық иерархтардың қатысуымен мерекелік құлшылықтар өткізіледі.

Бағдарламада сондай-ақ монастырдің тарихы мен өмірі туралы фотокөрме өткізу, деректі фильм түсіру, конференция ұйымдастыру және рухани-ағартушылық, жастарға арналған әрі мәдени сипаттағы өзге де іс-шаралар қарастырылған.

Кеңес соңында Митрополиттік округ басшысы барша қатысушыларға еңбектері үшін алғысын айтып, дін қызметкерлері мен епархиялық қызметкерлерге тиісті тапсырмаларды берді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді