15 ақпан 2026 жыл - Иеміз Құдай және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Қарсы алыну мейрамы.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Патриархтық ауладағы – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі Өкілдігіндегі қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың аналары Софияның құрметіне арналған храмда мерекелік Құдайлық Литургияны өткізді.
Жоғары мәртебеліге қызмет еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Алматы рухани семинариясының проректоры, теология кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және аналары София храмының кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко),қоналқалық аула клириктері.
Құлшылықта храм хоры мен приходтық жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері Анна Рожнованың жетекшілігімен ән шырқады.
Құдайлық қызметте дұға еткендер: Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары Н.В. Паршикова, «Софрино» кәсіпорнының бас директорының м.а. В.А. Левин, РФ Есеп палатасының аудиторы С.Ю. Орлова, «Промсвязьбанк» төрағасының бірінші орынбасары О.Г. Барыбин, Өкілдік қызметкерлері мен храм жамағаты.
Қарсы алыну мейрамында апостолдық оқу ретінде қасиетті апостол Павелдің Еврейлерге жолдауының (7-тарауының 7–17-аяттары ) таңдалды. Онда Құтқарушының құрбандық қызметінің Ескі Өсиеттегі левиттік қызметтен үстем екендігі және Мәсіхтің келуімен Моисеев Заңының ережелерінің күшін жоюы туралы айтылады. Литургиядағы Інжіл оқылымы (Лұқа Інжілі, 2-тарау, 22–40-аяттар) Иерусалим храмындағы Иеміздің Қарсы алынуы жайлы баяндайды.
Литургия соңында Қарсы алыну мейрамына арналған мадақтау айтылды.
Қасиетті Патриарх Кириллге, Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен архипастырларына, дін қызметкерлеріне және жамағатына, Қазақстан Президентіне, билік өкілдеріне, әскерилерге және барша халқына көпжылдық игілік тілегі жарияланды.
Митрополит Александр дұға еткендерді қасиетті сумен себелеп, содан кейін Православие жастары күніне орай Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллдің Үндеуін оқып берді. Архипастыр дін қызметкерлері мен сенушілерді мерекемен құттықтап, уағызын айтты.
Құлшылық соңында Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектері және атаулы күндерге байланысты жоғары шіркеулік марапаттар:
«Бүгін шіркеулік күнтізбеде – Иеміздің Қарсы алыну мейрамы. Біз Құтқарушының жердегі өмірінің ең басында Иерусалим қаласында болған қасиетті оқиғаны еске аламыз. Мәсіх туғаннан кейін қырық күн өткен соң, Моисеев Заңының талаптарын орындау үшін Қасиетті Бикеш Мәрия мен әділ Иосиф Обручник Оны Ескі Өсиет храмына алып келді. Заң бойынша тұңғыш ұл бала Иемізге бағышталуы тиіс еді. Сол жерде, Құдай таңдаған халықтың рухани өмірінің ортасында, таңғажайып оқиға болды. Иерусалим храмында Симеон атты қарт өмір сүрді. Қасиетті Дәстүр бойынша, ол жастайында Қасиетті Жазбаны көне еврей тілінен грек тіліне аударған жетпіс тәржімашының бірі болған. Бұл аударма Септуагинта деп аталады. Симеонға Иса пайғамбардың кітабын аудару тапсырылған. Ол “Міне, Бикеш құрсағына көтеріп, Ұл туады” деген сөздерді оқығанда, мұны қате деп ойлап, “Бикеш” сөзін “әйел” деп түзетпек болады. Бірақ Жаратқанның періштесі оның қолын тоқтатып, бұл пайғамбарлықтың ақиқаттығын өз көзімен көрмейінше өлмейтінін хабарлайды. Жылдар өтті. Ақыры Киелі Рухтың жетелеуімен Симеон дәл Нәресте Мәсіх храмға әкелінген сәтте келеді. Ол Құдай Нәрестесін қолына алып: “Енді, Ием, сөзің бойынша құлыңды тыныштықпен босат, өйткені көзім Сенің құтқаруыңды көрді” деп ұлы мадақ сөздерін айтады. Әкелердің айтуынша, осы сәтте Жаңа Өсиет пен Ескі Өсиеттің, Жаратушы мен жаратылыстың, адам мен Құдайдың құпия кездесуі жүзеге асты. Біз де бүгін храмға Иемізбен кездесу үшін келдік. Бірақ ең ұлы кездесу әлі алда – Мәсіхпен, әділ Сотпен кездесу. Әрқайсымыз Жаратқанның алдында тұрамыз. Бұл кездесу қандай болатыны – өзімізге байланысты. Біз өсиеттерді орындап, әділ өмір сүрдік пе? Әлде күнә мен немқұрайлылықта жүрдік пе? Адам тірі болғанда тәубеге келуге мүмкіндігі бар. Ендеше әрқайсымыз жүрегімізді тазартып, Құдайдан күш, даналық сұрайық. Жерден Көкке апаратын жалғыз жолмен жүрейік. жүрегі сүйіспеншілікке, Құдай рақымына толы - шынайы христиан болайық». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр