ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
19.02.2026, 14:00

Иеміз Құдайдың Сретение мерекесінің соңғы күні. Алматыдағы Қазан соборында түнгі Құдайлық Литургия өтті

Иеміз Құдайдың Сретение мерекесінің соңғы күні. Алматыдағы Қазан соборында түнгі Құдайлық Литургия өтті

19 ақпан 2026 жыл - Иеміз Құдайдың Сретение мерекесінің соңғы күні.

18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні, Ұлы Пост қарсаңында, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан Алматы қаласындағы ең көне храм – Құдай Анасының Қазан иконасының құрметіне арналған соборда Құдайлық Литургияны басқарды.

Епископқа қызмет еткендер: Боралдай кентіндегі Иверский храмының басшысы игумен Филарет (Петроченко), игумен Онисим (Тульников), Иверско-Серафимовский әйелдер монастырі София соборының клиригі иеромонах Арсений (Волошин), Вознесенский кафедралдық соборының клиригі иеромонах Роман (Чистяков), Владимирский шіркеуінің кілтшісі иеромонах Сергий (Внуковский), Иоанн Богослов храмының клиригі иеромонах Геннадий (Соловьев), Қазан соборының клиригі иеромонах Херувим (Левин), иеродиакон Афанасий (Козел), диакон Иоанн Чуркин және диакон Константин Вольнягин.

Қызмет барысында Алматы епархиясының ерлер хоры диакон Александр Пивеньдің жетекшілігімен ән шырқады.

Қызметте «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының қызметкерлері президенті В.М. Капсамунның жетекшілігімен, сондай-ақ Алматы православие жастары қозғалысының өкілдері дұға етті.

Литургия соңында мерекелік белгіше алдында дін қызметкерлері, хор және жамағат Сретение мерекесіне арналған тропарь, кондак және ұлықтау әнін орындады.

Епископ Клавдиан жамағатқа Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасын жеткізіп, жиналғандарға Ұлы Постқа дайындықтың маңыздылығы туралы насихатын айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді