ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
20.02.2026, 13:00

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Ақмола жаңа азап шегуші әйел әулиелерінің ерлік көрсеткен орнына болды

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Ақмола жаңа азап шегуші әйел әулиелерінің ерлік көрсеткен орнына болды

20 ақпан 2026 жыл. Ақмола облысы, Целиноград ауданы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ақмол ауылына және оның маңайына – Христос Шіркеуінің 12 жаңа азап шегуші әйелдерінің ерлік пен азапты қазасы орын алған жерінде, сондай-ақ Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің («АЛЖИР») тұтқындары жаппай жерленген орында болды.

Қазақстан Православие шіркеуінің басшысын алып жүргендер:  Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Астана қаласындағы Константино-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев және митрополиттің көмекшісі И.Е. Яценко.

1937–1953 жылдары №17 Р-17 түзету-еңбек лагері – «АЛЖИР» орналасқан орынға жақын салынған Ақмола жаңа азап шегушілері мен діндарлары атындағы храмда Митрополиттік округтің басшысы қазақстандық әулиелерге арналған дұға ету қызметін өткізді. Әмірші митрополит Қазақстан Митрополиттік округінің епископатына, пастырьларына, монахтары мен сенушілеріне, Қазақстан жеріндегі бейбітшілігі пен берекесі үшін, Президент Қ.-Ж.К. Тоқаев, мемлекеттік билік өкілдері, әскерлері және халқы үшін дұға жасады.

Одан кейін храм маңындағы тағзым крестінің алдында иерарх күшейтілген литиясын оқып, «Құдай ақиқаты мен Христос Шіркеуі үшін болған ауыр қудалау жылдарында Қазақстан жерінде жапа шеккен архипастырьлар, пастырьлар, монахтар мен сенушілерді, сондай-ақ осы жерде әділетсіз азапталып, өлтірілгендерді» дұға арқылы еске алды. Барлық «құдайсыздар тарапынан азапталып өлтірілгендерге, аштықтан, суықтан, жарақат пен аурудан және ауыр еңбектен қайтыс болғандарға» мәңгілік естелік жарияланды.

Ақмола жаңа азап шегушілері храмы басшысы иерей Сергий Лубневский иерархты приход өмірімен таныстырып, жексенбілік мектеп ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының аяқталғаны жөнінде хабарлады. Митрополит Александр атқарылған жұмыстармен танысқаннан кейін жиналыс өткізіп, онда Целиноград ауданындағы ағартушылық және әлеуметтік қызметті дамыту, сондай-ақ Христос сенімі үшін азап шеккендердің ерлік орындарына қажылық сапарларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Митрополит басшы әкеке және приход белсенділеріне еңбектері үшін алғысын айтып, Ұлы Пост қарсаңында архипастырлық батасын берді.

Сондай-ақ әмірші Ақмол ауылы маңындағы – Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің тұтқындары жаппай жерленген зиратқа барды. Жазықсыз құрбандардың мәңгілік тыныс тапқан орнында Христостың Қайта тірілуі иконасы бейнеленген ескерткіш крест орнатылған. Ескерткіште: «Бұл православиелік тағзым кресті Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен 2020 жылы «АЛЖИР» лагерінің жазықсыз әйел тұтқындарын 1930–1950 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары ретінде еске алу үшін орнатылды» деген жазу бар.

«АЛЖИР» аумағында мемориалдық кресттер орнату бастамашысы – белгілі қоғам қайраткері және меценат, қайырымдылық қорының президенті Г.М. Погосян.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді