ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
22.02.2026, 15:00

Ұлы Пост алдындағы соңғы аптада (Сыропуст) митрополит Александр Оңтүстік астананың басты храмында Құдайлық Литургияны өткізді

Ұлы Пост алдындағы соңғы аптада (Сыропуст) митрополит Александр Оңтүстік астананың басты храмында Құдайлық Литургияны өткізді

22 ақпан 2026 жыл -  Ұлы Пост алдындағы соңғы (Сыропуст) аптасы, Адамның қуылуын еске алу, кешірім жексенбісі; Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы әулие Тихонды еске алу күні.

Осы жексенбіге арналған синаксариде (жарғылық тағылым сөзінде) былай делінеді:

«Бұл күні біз қасиетті әкелеріміз қасиетті Қырықкүндік басталар алдында белгілеген, адам табиғаты үшін посттың шипалы дәрі екенін, ал нәпсіқұмарлық пен тіл алмаудың салдары қаншалықты зиянды екенін көрсеткен алғашқы жаратылған Адамның жұмақтан қуылуын еске аламыз».

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстанның Митрополитік округінің Басшысына қызмет еткендер: собордың кілтшісі архимандрит Иосиф (Еременко); Митрополитік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополитік округтің ақпараттық-баспасөз бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; иеромонах Роман (Чистяков), иеромонах Онисим (Тульников); митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополитік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; семинарияның тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский; иеромонах Херувим (Левин), иеромонах Паисий (Тишаков); протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Виталий Быструшкин; диакон Александр Пивень; диакон Иоанн Жучков; диакон Георгий Ткаченко.

Литургияның әндерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтың жетекшілігімен Митрополиттік округ хоры және Е. Богуславецтің жетекшілігімен Вознесенский соборының хоры орындады.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.

Қызмет аяқталған соң, Митрополиттік округтің Басшысы жиналған қауымға архипастырлық өсиет сөзін айтты.

«Құдайдың рақымымен біз сіздермен бірге Ұлы Посттың құтқарушы жолына қадам басамыз. Әрбір православ христиан үшін Қасиетті Дәстүр белгілеген ерекше кезең – “мерекелердің мерекесі және салтанаттардың салтанаты” – нұрлы Христостың Қайта тірілу мейрамын қарсы алуға дайындық уақыты басталады. Күнделікті тіршілікте біз “біздің мекеніміз көкте” (Флп. 3:20) екенін ұмытып кетеміз. Жыл сайын Ұлы Посттың құтқарушы күндерінің келуі бізге “өмір жолына” (Заб. 15:11) қайта оралуға, рухани ұйқыдан оянып, қараңғылық істерін тәрк етуге мүмкіндік береді (Рим. 13:11–12). Бұған қасиетті Қырықкүндік – “рухани көктем” кезеңі де ықпал етеді. Бұл уақыт табиғаттың оянуымен сәйкес келіп, құлшылықтардың ерекше тәубелік рухымен толықтырылады.

Ұлы Пост күндерінде храмдардың өзі адамды күнәлары үшін қайғырып, өмірін Інжіл өсиеттеріне сай түзетуге шақырады: созылыңқы, жүректі тебірентер әуендер шырқалады; жарық бәсеңдетіледі; дін қызметкерлері қара түсті киім киеді; жиі жерге дейін тағзым жасалады; тәубелік дұғалар қайта-қайта айтылады; Көне Өсиет кітаптарынан тәлімдік, ой салатын сөздер оқылады. Адам жанына игі әсер ететін ерекше маңызы бар рухани мұралардың қатарында қасиетті Андрей Критскийдің Ұлы тәубелік каноны және қасиетті Ефрем Сирияның “Уа, Ием және өмірімнің Иесі” дұғасы бар. Сондай-ақ Қырықкүндіктің сәрсенбі және жұма күндері атқарылатын Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясы да терең рухани сұлулыққа толы. Сондықтан Ұлы Пост жанымызға қандай да бір пайда әкелуі үшін храмға жиірек келіп, ортақ дұғаға қатысуымыз, ең бастысы – жүрегі сынған әрі кішірейген рухпен (Заб. 50:19) Тәубе және Қасиетті Бірлесу Таинстволарына ықыласпен қатысуымыз қажет. Бүгінде өмірдің шапшаң ырғағы мен дүниелік әбігер адам санасын тұмшалап, рухани өсуге кедергі келтіреді. Әулие Иоанн Златоуст: “Адам үшін ең бастысы – жан”, – дейді. Сондықтан түрлі сынақтар мен қиындықтарды жеңе отырып, ішкі адамды жаңарту үшін уақыт табуымыз керек (2 Кор. 4:16); үйде де, шіркеуде де дұға етуге, қасиетті Інжілді оқуға, әулие әкелердің жазбалары жайлы ой жүгіртуге және жақындарымызға іс жүзінде көмек көрсетуге уақыт бөлуіміз қажет. «Адам бүкіл дүниені иеленіп, ал жанынан айырылса, оған қандай пайда?»(Мф. 16:26) – деп ескертеді Құтқарушымыз. Ұлы Посттың жеті аптасы – Құдайға, өзімізге және жақындарымызға деген қатынасымызды түзетіп, бәрін Жаратушы белгілеген даналық тәртіпке сай ретке келтіру уақыты. Постты сақтау арқылы біз Інжіл сөзі бойынша “Құдайға тиесілісін Құдайға” (Мф. 22:21) беруді және “жақынымызға игілік үшін, рухани өсуіне жәрдемдесу үшін ұнамды болуды” (Рим. 15:2) үйренеміз».

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді