25 ақпан 2026 жыл - Ұлы посттыі 1-аптасының сәрсенбі күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр қасиетті Ұлы Қырықкүндіктің басталуына орай Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында әулие Григорий Двоесловтың Алдын ала қасиеттелген Дары бар алғашқы Литургиясын өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының рухани тәлімгері архимандрит Иоанн (Сазонов); архимандрит Иосиф (Еременко); протоиерей Вячеслав Чурбанов; Вознесенчкий соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; протоиерей Александр Иевлев; иеромонах Онисим (Тульников); иеромонах Роман (Чистяков); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; сондай-ақ Оңтүстік астананың басты ғибадатханасының диакондық шендегі дін қызметкерлері.
Қызмет барысында Вознесенский соборының хоры (жетекшісі – Е. Богуславец) ән айтты. «Да исправится молитва моя» әнін диакон Александр Пивень, Д. Кочуа және М. Абабакриев орындады.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Георгий Сидоров айтты.
Қызмет аяқталғаннан кейін митрополит Александр жиналған дін қызметкерлері мен қауымды қасиетті Ұлы Қырықкүндіктегі Алдын ала қасиеттелген Дары бар алғашқы Литургиямен құттықтап, архипастырлық өсиет сөзін жеткізді.
«Рухани жаңарудың ерекше құралы – Ұлы пост кезіндегі құлшылықтар. Тропарьлар мен стихиралардың мәтіндері, жүректі толқытатын әуендер, шіркеу безендірілуінің қарапайымдылығы бізді жинақылықпен, зейін қойып дұға етуге, Құдаймен шынайы қарым-қатынас жасауға, күнәларымыз үшін жүректен өкініп тәубе етуге жетелейді. Қасиетті Ұлы Қырықкүндіктің алғашқы күндерінде әулие Андрей Критскийдің Ұлы тәубе канонының оқылуы, әулие Ефрем Сириннің «Жаратқан Ием және өмірімнің Иесі» дұғасы, Алдын ала қасиеттелген Дары бар Литургияда орындалатын «Да исправится молитва моя, яко кадило пред Тобою» әні – бізді Ұлы пост күндерінде атқаруға тиіс рухани ерлікке үйретеді. Құдай үйіне баруды елемейтін, құлшылықтарға және құтқарушы шіркеу құпияларына қатысуға ерінетін христиан өз мәңгілік жанын рухани байлықтан айырады, Ана Шіркеудің жұбатуынан қағылады, Киелі Рухтың рақым сыйларынан бас тартады. Ал шіркеу ережелері мен пост ұстанымдарын сырттай ғана орындауға тырысқан адамды өзге бір қауіп – даңққұмарлық пен парызшылдық күтіп тұрады. “Даңқ үшін ұсталатын пост сауапсыз қалады, ал оның дұғасы жеміссіз, өйткені ол мұның бәрін адам мақтауы үшін жасайды”, – деп ескертеді әулие Иоанн Лествичник. Өз-өзімізді алдаудан және өсиеттерді орындай отырып тәкаппарлыққа берілуден сақтану үшін Құтқарушының мына сөздерін есте ұстауымыз қажет: “Сендерге бұйырылғанның бәрін орындаған соң, былай деңдер: біз түкке тұрғысыз құлдармыз, өйткені істеуге тиіс болғанымызды ғана орындадық” (Лк. 17:10)». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр