27 ақпан 2026 жыл - Ұлы посттың бірінші аптасының жұма күні; славяндардың ұстазы, апостолдарға тең Кириллді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында әулие Григорий Двоесловтың Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: архимандрит Иосиф (Еременко), протоиерей Александр Суворов, иеромонахтар Димитрий Байдек, Онисим (Тульников), Роман (Чистяков), Прохор (Ендовицкий), иерей Георгий Сидоров, иеромонах Паисий (Тишаков), собор дін қызметкерлері. Диакондық тағайындац рәсімін протодиакон Николай Гринкевич басқарды.
Қызмет барысында собор хоры (жетекшісі – Е. Богуславец) ән шырқады. «Да исправится молитва моя» әнін диакон Александр Пивень, Д. Кочуа және М. Абабакриев орындады.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Димитрий Байдек оқыды.
Литургия соңында оқылатын дұғадан кейін митрополит Александр ұлы шейіт Феодор Тиронға арналған дұға етуді басқарды және коливоны қасиеттеді.
Дұға бағыштау аяқталған соң архипастырь жамағатты Ұлы посттың бірінші аптасындағы қызметтердің аяқталуымен құттықтап, уағызын айтты.
Коливо деп православие дәстүрінде қайнатылған бидайдан немесе күріштен дайындалып, оған бал, кептірілген жемістер мен жаңғақ қосылатын қарапайым посттық тағам аталады. Ұлы посттың бірінші аптасының жұмасында коливоны қасиеттеу дәстүрі IV ғасырдан бастау алады. Рим императоры Юлиан Отступник христиандардың пост сақтауына кедергі келтіру мақсатында Константинополь қала басшысына Ұлы посттың алғашқы аптасында базарлардағы барлық азық-түлікті пұтқа шалынған құрбандық қанына былғауды бұйырған. Сол кезде қасиетті ұлы шейіт Феодор Тирон архиепископ Евдоксийге түсінде аян беріп, барлық христиандарға базардан ештеңе сатып алмауды, бал қосылған қайнатылған бидай — коливо (кутья немесе сочиво) жеуді жариялауды өсиет еткен. Қасиетті ұлы шейіт Феодор Тирон пост күндерінде христиандарға ерекше қамқорлық жасап, өзінің дұғалық шапағатымен сенушілерді азғырулар мен сынақтардан қорғайды. Осы оқиғаны еске алу үшін Православие Шіркеуі жыл сайын Ұлы посттың бірінші аптасының сенбісінде мерекелік еске алу қызметін өткізеді.
Жұма күні Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Құдайлық Литургиясының соңында қасиетті Иоанн Дамаскин құрастырған ұлы шейіт Феодорға арналған дұғалық каноны оқылады, содан кейін коливо баталанып, сенушілерге таратылады. Орыс Православие Шіркеуінің көрнекті уағызшысы әулие Иннокентий Херсонский бұл кереметті посттың маңыздылығы мен мәнінің айқын дәлелі ретінде атап көрсетеді:
«Егер постты елеусіз нәрсе деп қарауға болатын болса, онда көкте оған мұншалықты мән берілмес еді, әрі қасиетті ұлы шейіт Көктегі Әкенің нұрлы мекендерін тастап, жердегі бауырларына постты бұзудан сақтанудың жолын көрсету үшін келмес еді. Әулиелердің мұндай көріністері ең маңызды себептерсіз болмайды. Осыдан кейін қалайша кейбіреулер пост ұстау мен ұстамаудың айырмасы жоқ деп ойлап, айтуға батылы барады?»
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр