7 наурыз 2026 жыл - Ұлы посттың 2-аптасының сенбісі, марқұмдарды еске алу күні; Евгенияда шейіт болған азап шеккендердің қасиетті жәдігерлерінің табылуын еске алу мерекесі.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы ең көне ғибадатханалардың бірі – Константино - Еленинский соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Астанадағы «Құдай Анасының “Қаза болғандарды іздеу”» белгішесі құрметіне арналған әйелдер монастырінің рухани жетекшісі иеромонах Модест (Дроздов), Константино - Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев, митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), иерей Николай Коваль, иерей Максим Маджитов; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Илия Саляхов, диакон Евгений Гудзь, диакон Иоанн Янчук.
Қызмет басталар алдында ғибадатханаға сенушілердің дұғалық тағзым етуі және рухани нығаюы үшін Мәскеулік киелі Матрона әулиесінің қасиетті жәдігерлері әкелінді.
Литургия кезінде дұғаға қатысқандар: Астана қаласындағы «Құдай Анасының “Қаза болғандарды іздеу”» белгішесі құрметіне арналған монастырьдың басшысы игумения Севастиана (Плотникова) монах әйелдерімен бірге; епархиялық басқарманың қызметкерлері, қажылар және ғибадатхана жамағаты.
Әәндерді Н. Мазуринаның жетекшілігімен Константино- Еленинский соборының хоры орындады.
Мақұмдарға дұға бағыштау кезінде Қазақстан иерархтары, «Құдай Анасының “Қаза болғандарды іздеу”» белгішесі құрметіне арналған монастырдің негізін қалаушысы – сенім жолындағы діндар архимандрит Кирилл (Бородин), марқұм игумения Рафаила (Василенко), сондай-ақ монастырьда еңбек еткен марқұм пастырьлар мен монашестволық өмір кешкендер ерекше түрде еске алынды.
Херувим әнінен кейін митрополит Александр диакон Андрей Шидловскийге дін қызметкері ретінде тағайындалу рәсімін жасады.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Максим Маджитов оқыды.
Қызмет соңында Жоғары Мәртебелі митрополит жиналғандарға марқұмдарды еске алудың маңызы туралы уағызын айтып, содан кейін «ежелден бүгінгі күнге дейін өмірден өткен барлық православиелік христиандарға» арналған панихида өтті.
«Шіркеудің Құдай берген ұлы күші, ерекше билігі бар – ол өз перзенттерінің өмірден өткеннен кейінгі тағдырын өзгерте алады. Біз ғибадатханаға жүрегімізге жақын адамдардың есімдері жазылған жазбаларды әкеліп, ерікті және еріксіз күнәларының кешірілуі үшін шын жүректен дұға етеміз, просфора ұсынамыз. Литургияның басында, Проскомидия кезінде, қасиетті құрбандық үстелінде сол просфоралардан бөлшектер алынады. Құдайлық қызмет барысында ерекше рухани маңызы бар сәт туады – осы бөлшектердің барлығы Иеміз Иса Мәсіхтің Таза әрі Өмір беретін Қаны құйылған тостағанға батырылып, мынадай дұға оқылады: “Уа, Жаратқан Ие, осы жерде еске алынғандардың күнәларын Қасиетті Қаныңмен жуып-шай, қасиеттілеріңнің дұғалары арқылы”. Осылайша еске алу жазбаларында көрсетілген туыстарымыз, жақындарымыз бен таныстарымыз Қасиетті Евхаристияда ұсынылатын Қансыз Құрбандық арқылы рақым, қасиет және күнәларының кешірілуін алады. О дүниенің құпиялары Құдайдың ерекше қалауымен ашылған әділ жандардың айтуынша, шіркеу дұғасы жасалып, қасиетті Евхаристияның Қансыз Құрбандығы ұсынылған кезде, марқұмдардың жандары зор жұбаныш пен айтып жеткізгісіз қуанышқа бөленеді». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр