8 наурыз 2026 жыл - Ұлы посттың 2-жексенбісі, «нұрлы оразалар жексенбісі»; Фессалоникий архиепископы қасиетті Григорий Паламаның еске алу күні; Мәскеулік киелі Матрона әулиенің қасиетті жәдігерлерінің табылуын еске алу мерекесі.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астанадағы Успен кафедралды соборында Ұлы Василий әулиенің Құдайлық Литургиясын өткізді.
Митрополиттік округтің Басшысына э қызмет еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Успен соборының м.а. кілтшісі протоиерей Евгений Корольков, митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), иерей Сергий Пинигин, құрметті өкілдің көмекшісі иерей Сергий Дианов, иерей Виктор Дрожников; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Илия Давыдов, диакон Михаил Чумаков, диакон Ярослав Вохменцев.
Қызмет басталар алдында Қазақстандағы басты ғибадатхананың алтарынан сенушілердің дұғалық тағзым етуі үшін ұлы қасиетті жәдігерлер – Қырымдық әулие Лука мен Мәскеулік киелі Матрона әулиелерінің қасиетті жәдігерлері салынған кемелер шығарылды.
Әндерді О. Варенцованың жетекшілігімен Успен кафедралды соборының хоры орындады.
Литургияда дұға еткендер: Астана епархиялық басқармасының қызметкерлері, Астана православиелік жастар қозғалысының белсенділері және қалалық храмдардың прихожандары.
Херувим әнінен кейін митрополит Александр Успен кафедралды соборының клиригі диакон Николай Горячевке діни қызметкер ретінде твғайындау рәсімін жасады.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды архимандрит Сергий (Карамышев) оқыды.
Литургия аяқталғаннан кейін Мәскеулік киелі Матрона мен Қырымдық қасиетті діндар Лукаға арналған ұлықтау өтті.
Қызмет соңында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жиналғандарды жексенбілік күн – «Кіші Пасха» мерекесімен құттықтап, қасиетті Григорий Палама туралы және оның архипастырлық қызметі жайында уағыз айтты.
«Ұлы Оразаның екінші жексенбісінде, құлшылық ережесінде “нұрлы посттар жексенбісі” деп аталатын күні, Христос Шіркеуі жексенбілік мерекеден бөлек, Православие дінінің ұлы иерархтарының әрі уағыздаушыларының бірі – Солунь қаласының архиепископы қасиетті Григорий Паламаны еске алады.
Ұлы пост – адамның жаңаруына, оны күнәдан азат етуге, ақыл мен жүректің рухани ағаруына шақыратын Құдайдың үндеуі. Ол бізді қасиетті Пасха қуанышының нұрлы сәулесіне жетелейді.
Қасиетті Григорий Палама елшілер Фавор тауында көрген, Құтқарушының Қайта тірілуі кезінде Оның өмір беруші қабірінен жарқыраған құпия Құдайлық нұрды әрбір сенуші шынайы түрде көріп, сезіне алатынын үйретті. Одан да маңыздысы – осы нұрға қатысу біздің құтқарылуымыздың ажырамас шарты болып табылады.
Бұл нұрды көру – Христоспен тірі әрі әрекетті қарым-қатынасқа түсу, Онымен бір болу деген сөз. Ол – “дүниеге келген әрбір адамды нұрландыратын шынайы Нұр” (Ин. 1:9). Біз Құдайдың рақымымен нұрлану арқылы Құдайлық өмір мен Құдайлық табиғатқа қатысушы бола аламыз. Бұл рақымға жетудің жолы – жүректі тазарту, ақылды бос әрі арам ойлардан сақтау, жалынды дұға, Құдай Сөзін оқу, өсиеттерге сай тақуалық өмір сүру, Құдайға және жақындарға шынайы қызмет ету, сондай-ақ Исповедь пен Қасиетті Бірлесудің құпияларына қатысу». Митрополит Александрдвң уағызынан.
Митрополит Александр «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық қорының басшылығы өкілдерімен кездесті
Толығырақ
Ұлы посттың екінші жексенбісі. Митрополиттік округтің Басшысы Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургияны өткізді
Толығырақ
Епископ Геннадий қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері жөніндегі Собораралық қатысудың комиссиясы жанындағы «Христиандық этика және әлеуметтік әділеттілік» жұмыс тобының отырысына қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр