ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
08.03.2026, 17:00

Митрополит Александр «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық қорының басшылығы өкілдерімен кездесті

Митрополит Александр «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық қорының басшылығы өкілдерімен кездесті

8 наурыз 2026 жыл. Астана. Қазақстан Православие Шіркеуінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығының апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы камин залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың «Kirche in Not» («Шіркеуге мұқтаждықта көмек») халықаралық қайырымдылық қоры басшылығының өкілдерімен -  «Ресей, Орталық Азия және Кавказ» бөлімінің басшысы П.В. Гуменюк және ұйымның рухани кеңесшісі, халықаралық шіркеулік көмекшісі священник Антон Лессермен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Қатысушылар бір-бірін құттықтап, православиелік және католиктік дәстүрлер үшін қасиетті Ұлы пост күндерімен құттықтағаннан кейін митрополит Александр ұйым басшыларына Қазақстандағы Митрополиттік округке білім беру, әлеуметтік-қайырымдылық және ағартушылық қызметті жүзеге асыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Қазақстан Православие Шіркеуі мен «Kirche in Not» қоры арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әңгімелесудің басты тақырыбы – Қазақстанда бірегей тарихи және археологиялық жәдігер – Турин Жабынына арналған көрменің екінші кезеңін өткізу мәселесі болды. Көрме Қазақстан Православие Шіркеуі, «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық ұйымы және Астанадағы Рим-Католик архиепархиясының бірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылуда. Биыл көрме Петропавл, Қарағанды және Алматы қалаларында өтеді деп күтілуде.

Тараптардың ортақ пікірінше, Турин Жабынының дәл көшірмесін және осы артефактіні ғылыми зерттеулерге арналған экспонаттарды қамтитын көрмемен танысу конфессияаралық және мәдениетаралық диалогтың дамуына ықпал етеді.

Әңгімелесушілер 2025 жылғы тамызда Астанада VIII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне орай ұйымдастырылған көрменің ашылуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға болғанын атап өтті. Аталған шараға республикадағы көрнекті мемлекеттік, діни және ғылыми қайраткерлер қатысқан болатын.

Митрополиттік округтің басшысы қонақтарға шіркеудің әлеуметтік-қайырымдылық жобалары туралы айтып берді. Олардың қатарында балалар мен қарттар үйін қамтитын православиелік Мейірім үйінің қызметі, Алматыдағы қиын өмірлік жағдайға тап болған жүкті әйелдер мен сәбилі аналарға кешенді көмек көрсететін «Анаға арналған үй - епархиялық дағдарыс орталығы, сондай-ақ аз қамтылған адамдарға ыстық тағамдар мен азық-түлік пакеттерін тарату жұмыстары бар.

Митрополит сондай-ақ Алматы мен Көкшетау қалаларында мүгедектер мен жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсететін мейірім әпкелерінің мүшелері белсенді қызмет атқарып жатқанын атап өтті.

Кездесудің соңында тараптар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді