10 наурыз 2026 жыл. Мәскеу.
Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Митрополитік округінің Мәскеудегі өкілдігінде, қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София храмындағы Патриархтық қоналқалық аулада Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Православие Шіркеуіне қолдау көрсетіп жүрген қоғам қайраткерлері мен ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесуі өтті.
Қарсы алып, сәлемдескеннен кейін митрополит қонақтарға Қазақстандағы Православие өмірі және 2012 жылғы 14 наурызда Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Патриархтық қоналқалық аулада ашылған Митрополитік округтің Мәскеудегі өкілдігінің қызметі туралы айтып берді. Өз сөзінде Жоғары мәртебелі архипастырь Патриархтық қоналқалық аулаға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың келгенін атап өтті.
Архипастырь сұхбаттасушыларға Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша референдум өткізуге дайындық жүріп жатқанын, оның 15 наурызға жоспарланғанын хабарлады.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдегі шіркеу-мемлекет, шіркеу-қоғам және конфессияаралық қатынастар мәселелері талқыланды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектері, сараптамалық-құқықтық көмек көрсеткені және ағартушылық, әлеуметтік-қайырымдылық жобаларды қолдағаны үшін митрополит Александр кездесуге қатысушыларды жоғары шіркеулік наградалармен марапаттады.
О.А. Ладыченко, туғанына 75 жыл толуына орай, «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталды.
В.В. Калинин, Саратов облыстық Думасының депутаты, Ресей Журналистер одағының және Ресей Жазушылар одағының мүшесі, «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Е.В. Аристов, заң ғылымдарының докторы, Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Ю.С. Васечко, дінтанушы, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің әдіснама және перспективалық дидактика бөлімінің әдіскері, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, «Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София» орденімен марапатталды.
И.Ю. Чепурная, Мәскеу облысы адвокаттар палатасының адвокаты, «Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София» орденімен марапатталды.
Т.А. Квитковская, заңгер, «Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София» орденімен марапатталды.
Кездесуге қатысушылар табысталған наградалар үшін иерархқа шынайы алғыстарын айтып, ынтымақтастықтың одан әрі дамитынына үміт білдірді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы марапатталғандарды құттықтап, атқарған еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, оларға денсаулық, ұзақ ғұмыр және Жаратқан Иенің рақымын тіледі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр