14 наурыз 2026 жылғэ. Мәскеу. Мәскеу және бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің архиерейлік тағайындалуының 50 жылдығы күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Митрополитік округінің Өкілдігі – Патриархтық ауладағы қасиетті азап шегушілер Вера, Надежда, Любовь және София құрметіне арналған храмда Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы үшін денсаулық тілеп дұға жасады.
Қызметте дұғаға еткендер: Митрополитік округ Басшысының көмекшісі иеромонах Антоний (Дробязко), ауланың клириктері, Өкілдік қызметкерлері, қайырымдылар мен храмның жамағаты.
Күшейтілген дұға барысында осы күні құрметтеліп отырған Қасиетті Патриарх Кирилл үшін ерекше өтініштер оқылды.
Дұғадан кейін митрополит Александр ризашылық дұғасын оқыды.
Осы күні Қазақстан Митрополиттік округінің храмдары мен монастырьлерінде да Қасиетті Патриарх Кириллдің денсаулығы үшін дұғалар жасалды.
Дұға кезінде митрополит Александр, атап айтқанда, былай деді:
«Шіркеуіміздің Басшысына қарап, оның Құдай тағының алдында құрметпен тұрып, бәрі үшін және барлығы үшін Евхаристиялық құрбандық ұсынып жатқанын, митрополиялар мен епархияларға көптеген сапарлар жасап, жалынды уағыз айтып, жақындарға да, алыстағыларға да Інжіл ақиқатын жариялап жүргенін көргенде, Жаратқан Иенің оған қандай мол қабілет пен дарын бергеніне және оның шіркеу өмірінің барлық саласын дамыту мен нығайту жолында қандай жанқиярлықпен еңбек етіп жатқанына таңданбай тұру мүмкін емес.
Жарты ғасыр бойы Қасиетті Патриарх Кирилл архипастырлық қызметтің ауыр жүгін көтеріп келеді. Сол уақыттың он жеті жылында ол біздің Жоғары Басшы, Ұлы Иеміз және Әкеміз болып келеді. Киелі Рухтың жәрдемімен және бүкіл шіркеудің дұғалық қолдауымен ол сабырлықпен әрі батылдықпен өз қызметін атқарып, Православиені нығайтып келеді.
Оның қажырлы еңбегі мол әрі игі жемістер беруде. Қасиетті әмірші жамағатты Інжілдің жоғары мұраттарына сай өмір сүруге, сүйіспеншілік пен қайырымдылық істерін жасауға, православие бірлігін сақтауға, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға үнемі шақырады. Оның беделді үніне замандастарымыз ерекше назар аударады, өйткені оның уағызы апостол сөзімен айтқанда, адам даналығының сендірер сөздеріне емес, рух пен күштің көрінісіне негізделген.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр