ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
20.03.2026, 14:00

Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборында Л.П. Милованованың жаназасы өтті

Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборында Л.П. Милованованың жаназасы өтті

20 наурыз 2026 жыл. Алматы.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Слдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді. Литургиядан кейін Қазақстан мен Ресейде шіркеулік ән айту өнерін жаңғырту және дамыту ісіне көп жылдар бойы еңбек сіңірген жан -  жаңадан дүние салған Л.П. Милованованы жаназасы қызметін басқарды.

Митрополиттік округ Басшысына э қызмет еткендер: Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов); архимандрит Иосиф (Еременко); Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтың қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; протоиерей Александр Иевлев; Митрополитік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); иеромонах Онисим (Тульников); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; иеромонах Роман (Чистяков); иеромонах Паисий (Тишаков); митрополит протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин бастаған диакондар.

Қызмет ету кезінде Вознесенский соборының шағын хоры игумен Филипп (Моисеевтің) жетекшілігімен ән айтты.

Храмда дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпарат бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттік округ бөлімдері мен комиссияларының жетекшілері; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; марқұмның туыстары.

Жаназа  басталар алдында архипастырь көңіл айту сөзін айтты. Әмірші шіркеулік жерлеудің мәні мен маңызы туралы, оның мәңгілік өмірге шығарып салу ретіндегі рухани мәнін түсіндіріп, жиналғандардың бәрін жаңадан дүние салған жан үшін шынайы дұға етуге шақырды. Сондай-ақ Пермь және Кунгур митрополиті Мефодийдің көңіл айтуы оқылды.

Қызметтің соңында митрополит Александр рұқсат ету дұғасын оқыды, содан кейін «Мәңгілік естелік» жарияланды.

Митрополит марқұм Любовьтің табытына ақ раушан гүлдерін қойды. Сондай-ақ Қазақстан Митрополиттік округтің хатшысы О.Н. Овчинников та марқұмды еске алып, гүл шоғын қойды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді