20 наурыз 2026 жыл - Ұлы постың 4-ші аптасының жұма күні, Қасиетті Құдай Анасының «Күнәкарлардың Кепілшісі» иконасына арналған мереке.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында қасиетті Григорий Двоесловтың Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді.
Храмның ортасына 18 наурыз күні Иеміздің құзырына аттанған, ұзақ жылдар бойы шіркеуде еңбек еткен Л.П. Милованованың денесі қойылған табыт орналастырылды. Любовь Павловна көптеген жылдар бойы Оңтүстік астананың басты храмдары: әуелі Никольский соборында, кейін Вознесенский кафедралды соборында хор ұжымдарын басқарды
Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет етті: Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов), архимандрит Иосиф (Еременко), Вознесенский соборының кілтшісі, Митрополиттік округтіі қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; протоиерей Александр Иевлев, игумен Онисим (Тульников), Иверско-Серафимовский әйелдер монастырі Софий соборының клиригі иеромонах Димитрий (Байдек), иеромонах Роман (Чистяков), митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, иеромонах Паисий (Тишаков), митрополит протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Андрей Плетень, иеродиакон Софония (Мазуренко), диакон Александр Пивень.
Ән айтуды Вознесенский кафедралды соборының шағын хоры игумен Филипп (Моисеевтің) жетекшілігімен орындады. «Да исправится молитва моя» әнін диакон Александр Пивень, Д. Кочуа және М. Абабакриев орындады.
Марқұмға дұға бағыштау кезінде Жоғары Мәртебелі митрополит жаңадан дүние салғандар: бүкіл Грузияның Қасиетті және Киелі Католикос-Патриархы Илия II және Құдайдың құлы Любовь үшін ерекше дұғалар жасады.
Бірлесу алдында протоиерей Александр Суворов митрополит Александр мен Пермь және Кунгур митрополиті Мефодийдің Любовь Павловна Милованованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтуын жариялады.
Литургияның соңында Митрополиттік округтің Басшысы дін қызметкерлерімен бірге марқұмға арнап жаназа дұғасын жасады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр