22 наурыз 2026 жыл - Ұлы посттың 4-ші жексенбісі, Синай тауының игумені, қасиетті Иоанн Лествичникті еске алу күні; Севастийский қырық шейітін құрметтеу мерекесі.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Никольский соборында Ұлы Василийдің Құдайлық Литургиясын өткізді.
Митрополиттік округтің Басшысына қызмет еткендер: Алматы қаласындағы приходтардың құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы, богословия кандидаты, митрофорлы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» иконасына арналған Алматы храмының басшысы протоиерей Евгений Воробьев; архимандрит Иосиф (Еременко); Алматы діни семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпарат бөлімінің жетекшісі, богословия кандидаты протоиерей Евгений Иванов; иеромонах Онисим (Тульников); Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Ақжар ықшамауданындағы Құдай Анасының Рождество шіркеуінің басшысы иеромонах Алексий (Черевцов); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Никольский соборының клиригі иерей Олег Насымов; Қазақстан Митрополиттік округіндегі казактармен жұмыс жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары иерей Евгений Козлов; Адриано-Наталиевский храмының кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; Алматыдағы Қазан соборының басшысы иерей Георгий Рублинский; иерей Владислав Пашков; протодиакон Николай Гринкевич; митрополит протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Алексий Канушин; иеродиакон Афанасий (Козел); диакон Иоанн Чуркин.
Литургиялық әндерді Никольский соборының хоры Ю. Мищенконың жетекшілігімен және обиходтық хор О. Соломонованың жетекшілігімен) орындады.
Қызмеи барысында дұға еткендер: Митрополиттік округтің хатшысы, Патриарх кеңесінің шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; Оңтүстік астананың орталық жексенбілік мектебінің педагогтары мен тәрбиеленушілері (директоры Г.В. Черепанова бастаған), көптеген жамағат мүшелері.
Дұға бағыштау кезінде 1986 жылы дүниеден өткен Тихвин архиепископы Мелитон (Соловьев) – Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың рухани ұстазы үшін ерекше дұғалар жасалды. Бұл қасиетті иерарх монахтық ант қабылдағанда Севастиийск шейіттерінің бірінің құрметіне есім алған болатын. Сондай-ақ жаңадан дүниеден өткендер: Грузияның Қасиетті әрі Блаженнейший Католикос-Патриархы Илия II және көп жылдық шіркеу қызметкері Л.П. Милованова ерекше еске алынды.
Бірлесу алдында айтылатын уағызды архимандрит Иосиф (Еременко) оқыды.
Литургия Севастийскийдің 40 шейітін мадақтаумен аяқталды, содан кейін Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы жиналғандарға ғтбратты сөзін айтты.
Қасиетті Патриарх Кириллге; Қазақстан Митрополитік округінің Басшысына, архипастырларына, дін қызметкерлеріне және жамағатына; Қазақстан Президентіне, билік өкілдеріне, әскерге және бүкіл халыққа көпжылдық ғұмыр тілегі айтылды.
Құлшылықтан кейін митрополит Александр протоиерей Валерий Захаровты есімі күнімен құттықтап, оған рухани және тән саулығын, ұзақ ғұмыр мен пастырлық қызметінде Құдайдың жәрдемін тіледі.
Өз жауабында пастырь иерархқа ізгі тілектері мен дұғалық қолдауы үшін шынайы алғысын білдірді.
Басшы әкені оның көктегі қамқоршысының күнімен орталық жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері де құттықтады.
Алдағы Қасиетті Пасха мерекесіне орай Митрополиттік округтің Басшысы Алматы епархиясының клириктерін шіркеулік нагарадаларымен:
Никольский соборының клиригі иерей Олег Насымов пен иерей Евгений Козлов – палица тағу құқығымен;
иерей Владислав Пашков – алтын түсті наперсный крест тағу құқығымен марапатталды.
Шіркеулік марапаттарды тапсырғаннан кейін Жоғары мәртебелі иерарх марапатталған пастырларды құттықтап, олардың Қазақстан жеріндегі Христос Шіркеуінің игілігі жолындағы қызметіне Құдайдың көмегін тіледі.
«Әрбір адам өз жүрегінің тереңіне үңілген сайын, мейірімділік, жанашырлық, түсіністік, сабыр және өзге де ізгі қасиеттердің жетіспейтінін байқайды. Кейде адамға бөтен адамдар туралы айтпағанда, тіпті өз отбасы мүшелеріне қолдау көрсетуге де күш жетпей жатады. Мұндайда не істеу керек? Жүрек қатайып, мейірімнен суығанда, Көктегі Әкеге қалай ұқсай аламыз? Жауап біреу – сеніммен Өмірдің қайнары, Иеміз Иса Мәсіхке жүгінуіміз қажет. Ол Өзі туралы: “Мен – жүзім бұтасымын, сендер – бұтақтарсыңдар; кім Менде болса, Мен де соның ішінде боламын, сонда ол мол жеміс береді; өйткені Менсіз ештеңе істей алмайсыңдар” (Ин. 15:5) – деген. “Күн жарықтың көзі болғаны секілді әрбір ізгіліктің бастауы – Құдай”, – деп түсіндіреді қасиетті Марк Подвижник. Сондықтан біз барлық игіліктің Жаратушысы әрі Берушісі – Құдаймен тірі және үздіксіз қарым-қатынаста болып, құрбандық сүйіспеншіліктің көзін содан алуымыз керек. Бұл сүйіспеншілік, апостолдың айтуынша, ұзақ төзімді, мейірімді, қызғанышсыз, мақтаншақ емес, тәкаппар емес, өз пайдасын көздемейді, ашуға берілмейді және ешқашан сарқылмайды.(1Кор.13:4–8). Бұл тірі қарым-қатынас бізге Христос Шіркеуінде – оның құлшылық өмірінде, дұғаларында, қасиетті қызметтерінде және Құпияларында, әсіресе Құдайлық Литургияда, Қасиетті Евхаристияда толық әрі тегін беріледі.
Әділ пастырь Иоанн Кронштадтский Евхаристия Қасиетіне қатысудан бас тартуды және Христос Құпияларына салғырт қарауды адамның рухани өліп бара жатқанының айқын белгісі деп есептеген. Сондықтан жүрегімізбен және жанымызбен храмға ұмтылайық: Тәубе Құпиясында тазартып, Мәңгілік Өмір қайнарынан сусындап, Құдайдың рақымына бөленіп, жан мен тән дерттерінен айығып, ізгілік жолында нығайып, өсиеттерді орындап, Көктегі Патшалыққа қауышайық». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр