ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
25.03.2026, 14:00

Әулие Григорий Двоесловты еске алу күні митрополит Александр Өтеген батыр кентіндегі Адриано-Наталиевский храмында Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді

Әулие Григорий Двоесловты еске алу күні митрополит Александр Өтеген батыр кентіндегі Адриано-Наталиевский храмында Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді

25 наурыз 2026 жыл -  Ұлы посттың 5-аптасының сәрсенбісі, Рим епископы әулие Григорий Двоеслов пен Қасиетті Симеон Жаңа Богословты еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласының маңындағы Өтеген батыр кентінде орналасқан, Шымкент және Түркістан епархиясының қоналқалық ауласы болып табылатын қасиетті аөап шегушілер Адриан мен Наталия атындағы храмда Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді.

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Орал және Атырау епископы Вианор; Оңтүстік астана приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы, богословия кандидаты протоиерей Валерий Захаров; Орал қаласындағы Михаило-Архангель кафедралды соборының басшысы архимандрит Феодосий (Курьянов); архимандрит Иосиф (Еременко); игумен Онисим (Тульников); Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Боралдай кентіндегі Иверский приходының клиригі иерей Димитрий Харламов; Байсерке ауылындағы Димитриев храмының басшысы иерей Владимир Шишлов; Адриано-Наталиевский храмының кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; Алматыдағы Казан соборының басшысы иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий.

Қызметте диакон Александр Пивень басқарған Алматы епархиясының ерлер хоры ән шырқады.

Литургия кезінде приходтық қауыммен бірге дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Патриарх кеңесінің мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников және Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері.

Қасиетті Құпиялар рәсіміне қатысар алдында уағызды иерей Георгий Рублинский оқыды.

Қызмет соңында Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы жиналғандарға тәлімдік сөзін айтты.

Алдағы Қасиетті Пасха мерекесіне орай Митрополиттік округтің Басшысы Алматы епархиясының дін қызметкерлерін шіркеулік-иерархиялық марапаттармен марапаттады:

Боралдай кентіндегі Иверский приходының клиригі иерей Димитрий Харламов — палица тағу құқығымен;

Байсерке ауылындағы Димитриев храмының настоятелі иерей Владимир Шишлов — алтын түсті кеуде айқышын тағу құқығымен марапатталды.

Шіркеулік марапаттарды табыстағаннан кейін Жоғары мәртебелі митрополит марапатталған пастырларды құттықтап, Қазақстан жеріндегі Христос Шіркеуінің игілігі жолындағы қызметтерінде Құдайдың көмегін тіледі.

«Әрдайым жан дүниеміздің тереңіне үңілген сайын, біз мейірімділік, жанашырлық, түсіністік, сабырлылық және басқа да асыл қасиеттердің жетіспейтінін аңғарамыз. Кейде адамға тіпті өз отбасы мүшелерін қолдауға да күш жетпей жатады, бөгде адамдарды айтпағанда. Махаббат азайған кезде не істеу керек? Жүрек қатып, селқостыққа бой алдырса, көктегі Әкеге қалай ұқсай аламыз? Жауап қарапайым — сеніммен Өмірдің қайнар көзіне, Иеміз Иса Мәсіхке жүгіну қажет. Ол Өзі туралы былай деген: «Мен — жүзім бұтасымын, сендер — бұтақтарсыңдар; кім Менде болса, Мен де онда боламын, сол көп жеміс береді; өйткені Менсіз ештеңе істей алмайсыңдар» (Ин. 15:5). «Әрбір ізгіліктің бастауы күннің жарықтың бастауы болғаны сияқты-  Құдай», — деп түсіндіреді бұл евангелиялық ойды қасиетті Марк Подвижник. Сондықтан бізге Жаратушы әрі барлық игіліктерді Беруші Құдаймен тірі әрі үздіксіз қарым-қатынаста болып, құрбандық сүйіспеншіліктің сыйын сол жерден алу қажет. Бұл сүйіспеншілік апостолдың айтуынша шыдамды, мейірімді, қызғанбайды, мақтанбайды, тәкаппарланбайды, әдепсіздік жасамайды, өз пайдасын көздемейді, ашуланбайды және ешқашан таусылмайды (1 Кор. 13:4–8). Бұл тірі қарым-қатынас бізге Христос Шіркеуінде — оның құлшылық өмірінде, дұғаларында, қасиетті рәсімдері мен Қасиетті Құпияларында, әсіресе Құдайлық Литургияда, Қасиетті Евхаристияда толық әрі тегін сый ретінде беріледі».

Әділ пастырь Иоанн Кронштадтский Қасиетті Евхаристия Құпиясына қатысудан бас тартуды, Христостың Қасиетті Құпияларына ортақтасуға немқұрайлы қарауды адамның рухани өліленуінің айқын белгісі деп санаған. Сондықтан шын жүрекпен әрі жан-тәнімізбен храмға ұмтылып, Тәубе Құпиясы арқылы тазаруға, Мәңгілік Өмірдің қайнарынан дәм татуға, Құдайдың рақымына бөленуге, жан мен тән ауруларынан айығуға және игілікті істерде нығаюға тырысайық.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді