27 наурыз 2026 жыл - Ең Қасиетті Құдай Анасының Феодоровская иконасына арналған мереке күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенскмй кафедралды соборында әулие Иоанн Златоусттың Құдайлық Литургиясын өткізді.
Бұл күні митрополит Александрдың Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі – Қазақстан Православие Шіркеуін басқаруға кіріскеніне арналған жылдық мерейтойы атап өтіледі.
Оңтүстік астананың басты храмында 2010 жылы Кострома қаласында керемет түрде табылған қасиетті бейненің алдында қасиеттелген Құдай Анасының Феодоровская иконасының дәл көшірмесі – «өлшеміне дәлме-дәл» нұсқасы сақтаулы.
Жоғары мәртебелі митрополитке қызмет еткендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Қазақстан Православие Шіркеуі істерін басқарушы, Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин; Орал және Атырау епископы Вианор.
Сондай-ақ бірге қызмет еткендердің қатарында болғандар: Алматы храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Орал қаласындағы Михаило-Архангельский кафедралды соборының басшысы архимандрит Феодосий (Курьянов); Құдай Анасының «Барлық қайғырушылардың қуанышы» иконасына арналған храмның басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов); архимандрит Иосиф (Еременко); Вознесен кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпарат бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Митрополитік округ бөлімдері мен комиссияларының дін қызметкерлері, Алматы храмдарының басшылары мен дін қызметкерлері, архипастырьлармен бірге келген клириктер. Диакондық тағайындау рәсімін протодиакон Николай Гринкевич басқарды.
Әндерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтың жетекшілігіндегі Митрополиттік округ хоры және Оңтүстік астананың жексенбілік мектептерінің біріктірілген балалар хоры (көркемдік жетекшісі – Н. Головина, регент – О. Картаузова) орындады.
Литургия кезінде дұға еткендер: Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, Алматы рухани семинариясының студенттері, жексенбілік мектеп оқушылары және кафедралдық собордың жамағаты.
Қасиетті Бірлесу алдында айтылатын уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.
Құдайға құлшылықтың соңында Құдай Анасының Феодоровская иконасының алдында Ең Қасиетті Құдаә Анаға мадақ айту рәсімі өтті.
Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллге, Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына, архипастырьларына, дін қызметкерлеріне және жамағатына, Қазақстан Президентіне, билік өкілдеріне, әскеріне және бүкіл халқына көпжылдық зақ ғұмыр тілегі айтылды.
Қаскелең епископы Геннадий Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының Астана және Қазақстан митрополиті Александрға арналған құттықтау үндеуін оқып берді. Онда, атап айтқанда:
«Сіздің көпжылдық архипастырлық еңбектеріңіз бен талпыныстарыңызды, Православиеге деген шынайы сүйіспеншілігіңізді және Мәсіхтің шіркеуін (Еф. 4:12) нығайтудағы ыждаһаттылығыңызды көре отырып, Жаратушы әрі Тағдыр Иесі Сізді осында – Ұлы даланың көне жеріне бағыттап, көптеген христиан халқының қамқорлығын Сізге жүктеді, “ашық аспан астына жайылған антиминс” деп аталатын елдің бай рухани мұрасын Сізге сеніп тапсырды… Құдай Анасының шапағаты және Қазақстан жаңа азап шегушілері мен діндарларының дұғалары арқылы Құдіреті шексіз Жаратқан Ие Сізді жоғары әрі жауапты қызметіңізде нығайтып, ұзақ ғұмыр, игі істеріңізге береке нәсіп етсін», – делінген.
Өз жауабында Митрополиттік округ Басшысы архипастырьларға, дін қызметкерлеріне және Литургияға қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, өзінің қызметінде Құдайдың нығайтушы рақымын тілеу үшін ерекше дұға жасауды сұрады:
«Забур жыршысы Давид бізді еңбектерімізді атқарғанда, жоспарларды жүзеге асырғанда және нәтижелерді көргенде Құдайға былай деп жүгінуге үйретеді: “Бізге емес, бізге емес, Жаратқан Ие, Өз атыңа ұлылық бер” (Пс. 113:9). Шіркеу жолында атқарылған игі істердің бәрін өзіме емес, барлық игіліктің Иесі – Құдайға арнаймын. Бүгінгі атап өтіліп отырған күн – барлығымыздың ортақ еңбегіміздің жемісі», – деді иерарх.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жиналғандарды Феодоров иконасына арналған мерекемен құттықтап, уағызын айтты. Дұға етушілерге қасиетті су шашылды.
Салтанатты жиынға Алматы қаласының дін істері басқармасының басшысы Н.М. Кікімов қатысып, қала әкімдігі атынан құттықтау сөзін жеткізді. Сондай-ақ халықаралық орыс тілі ұйымы бас хатшысының орынбасары А.Ю. Волков та құттықтау үшін келді.
Алдағы Пасха мерекесіне орай митрополит Александр Алматы епархиясының бірқатар дін қызметкерлерін марапаттады:
Талғар қаласындағы Параскева храмының басшысы протоиерей Владимир Барташевичке «Херувим әніне дейін» Қасиетті Литургияны Патша қақпалары ашық күйде өткізу құқығы берілді;
Крестовоздвиженский приходының клиригі иерей Евгений Постриганға – палица тағу құқығы берілді;
Христорождественский соборының диаконы Вячеслав Соломатовқа – қос орарь тағу құқығы берілді.
Сондай-ақ митрополит Александр Ақжар ықшамауданындағы Богородице-Рождественский храмының басшысы иеромонах Алексийді (Черевцов) диакондық қызметінің мерейтойымен құттықтады.
«Апостолдық дәуірден бастап христиан әлемі Құдай Анасының иконаларын құрметтеп келеді; шіркеу дәстүрі бойынша Оның бейнесін алғаш қасиетті евангелист Лука бейнелеген. Феодоров иконасы – Православие әлеміндегі ұлы қасиетті жәдігер. Ол отбасы амандығына, бала сүюге және тәрбиелеуге жәрдем беретін, қиын босануларда көмек көрсететін қасиетті бейне ретінде құрметтеледі. Оның алдында жасалған дұғалар арқылы ауыр дерттерден, соның ішінде бедеуліктен сауығу жағдайлары орын алып отырған». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр