29 наурыз 2026 жыл. Қостанай облысы. Қостанай епархиясына жасаған архипастырлық сапары барысында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Октябрьское кентіндегі қалпына келтіріліп жатқан Иверско- Петропавл әйелдер монастырінде болды.
Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысын ертіп жүргендер: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек), митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), митрополиттің көмекшісі И.Е. Яценко.
Митрополит әміршіні қарсы алғандар: иеромонах Мефодий (Чулков), игумения Ника (Отрощенко) бастаған монастырьдің монах әйелдері, прихожандар мен қажылар.
Келгеннен кейін архипастырь дін қызметкерлерімен бірге Петропавл шіркеуіне барып, Қасиетті Құдай Анасының Иверлік иконасының алдында мадақ айту рәсімін жасады. Осыдан кейін ол монастырьдің басшысымен және монах әйелдерімен әңгімелесті.
Құдайлық қызмет аяқталғаннан кейін Жоғары мәртебелі монастыр кешенін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Ақ жаулықты ана митрополитке қыс мезгілінде жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы баяндады.
Игумения Ника иерархқа монастырь корпусындағы әрлеу жұмыстарына дайындық жөнінде мәлімет беріп, сондай-ақ монастырь аумағының ландшафтық дизайнының тұжырымдамасы мен ерекшеліктері туралы айтты.
Митрополиттік округтің Басшысы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, Иверско-Петропавл әйелдер монастырін қайта жаңғырту жөніндегі алдағы жұмыстарына батасын берді.
Монастырьдағы қалпына келтіру жұмыстары қайырымдылық жасаушылардың қаражаты және сенушілердің ерікті садақалары есебінен жүргізілуде.
Митрополиттік округтің Басшысы Октябрьское кентіндегі Иверско-Петропавл әйелдер монастырі кешенін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты
Толығырақ
Мысырлық әулие Марияны еске алу аптасында митрополит Александр Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский кафедралды соборында Литургияны өткізді
Толығырақ
Акафист сенбісінде Митрополиттәк округтің Басшысы Рудный қаласындағы Иоанно-Богослов кафедралды соборында Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр