ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
30.03.2026, 15:00

Құдай жолындағы қасиетті Алексийді еске алу күні Қазақстанның Митрополиттік округінің Басшысы Қостанайдағы Никольский ғибадатханасында Құдайлық Литургияны өткізді

Құдай жолындағы қасиетті Алексийді еске алу күні Қазақстанның Митрополиттік округінің Басшысы Қостанайдағы Никольский ғибадатханасында Құдайлық Литургияны өткізді

30 наурыз 2026 жыл -  Ұлы посттың 6-аптасының дүйсенбісі; Құдай адамы қасиетті Алексийді еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қостанай қаласындағы Никольский ғибадатханасында киелі Григорий Двоесловтың Алдын Ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді.

Митрополиттік округтің Басшысына қызмет еткендер: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Митрополитік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек), Константино-Еленинский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Василий Королев, Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский  кафедралды соборының дін қызметкерлері игумен Иннокентий (Помогалов) пен протоиерей Виталий Клеба, Қостанай қаласындағы Никольский ғибадатханасының басшысы протоиерей Виталий Гуцан, митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополитік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, сондай-ақ Қостанай епархиясының ғибадатханаларының басшылары мен дін қызметкерлері.

Қызмет барысында Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский соборының хоры Т. Жебрактың жетекшілігімен ән шырқады.

Сенушілердің дұғамен тағзым етуі және рухани демеуі үшін Никольский ғибадатханасына Құдай адамы киелі Алексийдің қасиетті жәдігерлері салынған кемесі әкелінді.

Қасиетті өлеңнен кейін айтылатын уағызды иеромонах Димитрий (Байдек) оқыды.

Литургия Құдай жолындағы қасиетті Алексийді мадақтаумен аяқталды. Одан кейін иерарх жиналған қауымға тағылым сөзін арнады.

Әмірші митрополит көпшілікпен бірге дұға еткен жандарға қасиетті суды септі.

«Әулие Алексийдің өмірбаяны Православие Шіркеуінің әулиелер өмірі туралы әдебиетінің ішінде ерекше орын алады. Әулие Алексийдің ерлігі өте өзгеше болды. Ол жас кезінде, іс жүзінде неке қию рәсімінен кейін, қалыңдығы мен ата-анасын қалдырып, туған қаласынан кетіп қалады. Осылайша оны сүйген жандардың жүрегіне қайғы салады. Алайда біраз уақыт өткен соң ол қайта оралып, ата-анасына танылмай, өз үйінің табалдырығында қайыршы кейпінде өмір сүреді. Алексий туыстарын өзін адамға тән табиғи сезіммен сүру мүмкіндігінен айырғанымен, туған үйіне одан да биік, Құдайдан келген рухани сүйіспеншілікті алып келеді.

Қасиетті Алексийдің өмірі үлкен православиелік отбасыларда сүйікті оқылымдардың бірі болған. Өйткені бұл өмірбаян отбасыларға маңызды сабақ беретін. Ол православиелік отбасыларға шын мәнінде берік отбасы тек оның мүшелері діни сезіммен, биік сүйіспеншілікпен және Құдай мен жақындарына ортақ қызмет етумен біріккен жағдайда ғана болатынын үйретті. Отбасының берік болуы үшін тек адами сезімдер жеткіліксіз. Ортақ тұрмыс, шаруашылық, дүниелік қызығушылықтар шынайы бірлікті бере алмайды. Мұндай шынайы бірлікке тек Мәсіх арқылы ғана қол жеткізуге болады. Жаны Мәсіхке деген сүйіспеншілікке толы преподобный Алексий біздің православиелік отбасыларымызды да берік әрі мықты етсін!» митрополит Александр уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді