ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.04.2026, 12:00

Митрополит Александр Алматыда салынып жатқан Космо-Дамиановский ғибадатханасының жаңадан орнатылған күмбездері мен айқыштарын қасиеттеу рәсімін жасады

Митрополит Александр Алматыда салынып жатқан Космо-Дамиановский ғибадатханасының жаңадан орнатылған күмбездері мен айқыштарын қасиеттеу рәсімін жасады

4 сәуір 2026 жыл. Алматы. Мәсіхтің әділ Лазарьді қайта тірілту мейрамында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қасиетті Космо-Дамиановский Римдік қасиеииі бессребрениктерінің құрметіне салынып жатқан ғибадатхананың жаңадан жасалған күмбездері мен айқыштарын қасиеттеу рәсімін жасады.

Космо-Дамиановский ғибадатханасы Оңтүстік астанада «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының және оның президенті Владимир Михайлович Капсамунның тікелей қолдауымен, қайырымды қамқоршылардың қаражаты мен сенушілердің қайырымдылық көмегі арқылы салынып жатыр.

Қасиеттеу рәсімінде дұға еткендер: Оңтүстік астана приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров, Космо-Дамиановский ғибадатханасының настоятелі иерей Андрей Шкляр, «Eleos-Meirim» қорының президенті, қызметкерлері мен мамандары, қала храмдарының настоятельдері мен дін қызметкерлері, прихожандар.

Рәсім басталар алдында митрополит Александр қатысушыларды Лазарь сенбісімен құттықтап, православие христианының өміріндегі храмның маңызы туралы сөз сөйледі. Ол қоғамның толыққанды өмір сүруі мен рухани дамуы, дәстүрлі адамгершілік құндылықтар мен халықтың тарихи жадын сақтау үшін храм салудың маңызын ерекше атап өтті.

«Лазарь сенбісі мен Вербное жексенбі бізге Қасірет аптасының қақпасын ашады. Оның рухани өзегі – Құдайдың сүйіспеншілігінің құрбандық орны, біздің құтқарылуымыздың құралы саналатын Иеміз Иса Мәсіхтің Айқышына тағзым ету. Апостолдар заманынан бүгінгі күнге дейін Айқыш ағашы Інжіл ақиқатына шынайы сенетіндердің бәрі үшін терең құрмет пен тағзым нысаны болып келеді.

Екі мың жыл бұрын біздің Құтқарушымыз Айқышта “біз адамдар үшін және біздің құтқарылуымыз үшін” ерікті түрде азап шегіп, өлімді өліммен жеңді. Иеміздің қанымен боялған, Оның азаптарымен қасиеттелген Айқыш Жаратушының адамдарға деген шексіз сүйіспеншілігінің жарқын белгісіне, күнәны, қарғысты және өлімді мәңгілік жеңудің нышанына айналды.

Бүгін біз рухани маңызды оқиға – қасиетті бессребрениктер мен ғажайып жасаушылар Косма мен Дамианның құрметіне салынып жатқан храмның күмбездері мен айқыштарын қасиеттеу рәсімінің куәгері болып отырмыз. Бұл айқыштар Алматыдағы басқа да шіркеулер мен соборлардың үстіндегі айқыштармен бірге біздің қаламызды, өлкемізді, елімізді Мәсіхтің рақым күшімен жарылқап, түрлі апаттар мен қиындықтардан қорғайтын болады және баршаға Құдайдың адамзатқа деген шексіз сүйіспеншілігін еске салып тұрады.

Бүгінгі оқиға – жаңа храм салу жолындағы үлкен жобаның маңызды кезеңі. Бұл храмның бой көтеруін Оңтүстік астананың көптеген тұрғындары асыға күтуде», – деді митрополит.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы қамқоршылар мен қайырымдылық жасаушыларға алғысын айтып, храмның басшысы иерей Андрей Шклярға және құрылыс кураторы В. М. Капсамунға ерекше ризашылығын білдірді.

Қасиеттеу дұғалары оқылғаннан кейін, Митрополиттік округтің Басшысы күмбездер мен айқыштарға қасиетті суды септі.

Дін қызметкерлері мен прихожандардың қатысуымен митрополит 2025 жылы дүниеден өткен протоиерей Георгий Чистяковты еске алу дұғасын жасады. Оның еңбегімен 1998 жылдан бастап Космо-Дамиановский приходы құрылып, 2021 жылдан бері храмның құрылысы жүргізіліп келеді.

Қасиеттеу рәсімінен кейін архипастырь храм құрылысының қазіргі барысымен танысты. Иерей Андрей Шкляр мен В. М. Капсамун митрополитке көктем-жаз мезгіліне жоспарланған құрылыс пен ішкі әрлеу жұмыстарының алдағы кезеңдері туралы баяндады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді