ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
05.04.2026, 16:00

Иеміздің Иерусалимге Кіру мерекесі. Митрополитік округтің Басшысы Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Литургияны өткізді (+БЕЙНЖАЗБА)

Иеміздің Иерусалимге Кіру мерекесі. Митрополитік округтің Басшысы Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Литургияны өткізді (+БЕЙНЖАЗБА)

5 сәуір 2026 жыл -  Иеміздің Иерусалимге Кіру ұлы он екі мерекесінің күні; гүлді апта, тал жексенбісі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында қасиетті Иоанн Златоусттың Құдайлық Литургиясын өткізді.

Иеміздің Иерусалимге Кіру мерекесіндегі құлшылық жасыл түсті діни қызметкерлік киімдермен атқарылады (жасыл түс – өмірдің жаңаруының нышандарының бірі; сондай-ақ ол Иерусалим тұрғындары Мәсіхті қарсы алған тірі пальма бұтақтарының жасылын еске салады).

Литургияның басында мерекелік антифондар – Иеміздің Иерусалимге Кіруі туралы Көне өсиеттегі пайғамбарлықтарды қамтитын псаломдардан алынған өлең жолдары ерекше қайырмалармен орындалды: «Құдай Анасының дұғаларымен, Құтқарушым, бізді құтқара гөр», «Бізді құтқара гөр, Құдай Ұлы, құлынға мінген Сен, Саған ән айтушылар: аллилуия».

Литургиядағы Інжіл оқуы (Иоанн жазған Ізгі хабар, 12-тарау, 1–18-аяттар) Иеміздің Иерусалимге Кіру оқиғасын баяндайды. Апостолдық оқуда (елші Павелдің Филиппийліктерге хаты, 4-тарау, 4–9-аяттар) христиандар қуанышқа, кішіпейілділікке, татулыққа, дұғаға және шынайы сенімді берік ұстануға шақырылады. «Достойно есть» әнінің орнына мерекелік канонның 9-әнінің ирмосы орындалды. Оның орыс тіліндегі аудармасы былай дейді: «Құдай – Ие, Ол бізге көрінді! Мерекені лайықты қарсы алып, қуанышпен Мәсіхті ұлықтауға асығайық; қолымызға пальма мен ағаш бұтақтарын алып, әнмен былай деп жар салайық: «Иеміздің атымен келуші, біздің Құтқарушымыз, жарылқанған!».

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына мына қызмет еткендер: Алматы храмдарының құрметті өкілі, Никольск соборының басшысы, теология кандидаты протоиерей Валерий Захаров; архимандрит Иосиф (Еременко); Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополитиік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпарат бөлімінің жетекшісі, теология кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Патриарх комиссиясының дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі мүшесі игумен Филипп (Моисеев); иеромонах Онисим (Тульников); Митрополитік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Виталий Быструшкин; диакон Александр Пивень; диакон Иоанн Жучков; иеродиакон Софония (Мазуренко); диакон Георгий Ткаченко.

Қызметте дұға еткендер: «Семиречья казактары одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атаманы, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.С. Шихотов; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, епархия ктиторлары, казактар, жексенбілік мектеп оқушылары мен кафедралды собордың прихожандары.

Әндерді Митрополиттік округ хоры (регенті – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстері – В. Дударева) және Вознесенский соборының хоры (регенті – Е. Богуславец) орындады.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.

Көптеген сенушілер Мәсіхтің қасиетті құпияларына қатысты.

Литургия аяқталғаннан кейін Иеміздің Иерусалимге Кіру мерекесін дәріптеу рәсімі өтті. Митрополитік округтің Басшысы тал бұтақтарын қасиеттеу дұғасын оқып, тал бұтақтарына қасиетті суды септі.

Алда келе жатқан Қасиетті Пасха мерекесіне орай, Жоғарғы мәртебелі архипастырь Оңтүстік астананың басты храмының дін қызметкерлерін құлшылық-иерархиялық марапаттармен марапаттады:

Патриарх комиссиясының дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі мүшесі игумен Филиппті (Моисеев) – «Иже херувимы» әніне дейін патша қақпалары ашық күйде Литургия өткізу құқығымен;

иеродиакон Софонияны (Мазуренко) – қос орарь тағу құқығымен.

Храм аумағында жиналған көптеген сенушілердің верба бұтақтарына митрополит Александрдың батасымен собордың кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов қасиетті суды септі.

Мерекелік құлшылықтың тікелей көрсетілімі «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (президенті – В.М. Капсамун) қолдауымен «Прообраз» YouTube арнасында өтті.

Митрополиттік құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстанның Митрополитік округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева), ал фототүсірілімді ақпарат бөлімінің қызметкері А. Халин жүзеге асырды.

«Біздің Иеміздің Иерусалимге Кіру құлшылығында тал бұтақтарын ұстап тұруымыз – Даңқ Патшасының ерікті азаптарға салтанатты түрде кіруін еске алу. Біз көзге көрінбей келе жатқан Иені қарсы алып, Оны тозақ пен өлімді жеңген Жеңімпаз ретінде қарсы аламыз. Осы мерекелі күні біз – Шіркеудің балалары – Иемізден, тал бұтақтарын қасиеттеу дұғасында айтылғандай, бізді «әнұрандармен және рухани әндермен өмір сыйлайтын әрі үш күндік Қайта тірілуге жетуге» лайық етуін сұраймыз». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді