ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
06.04.2026, 18:00

Қасиетті Құдай Анасының Ізгі хабар мерекесі қарсаңында Митрополиттік округінің Басшысы Оңтүстік астананың бас храмында түнгі құлшылық өткізді

Қасиетті Құдай Анасының  Ізгі хабар мерекесі қарсаңында  Митрополиттік округінің Басшысы Оңтүстік астананың бас храмында түнгі құлшылық өткізді

2026 жылғы 6 сәуірде, Ұлы сейсенбі кешінде, Қасиетті Құдай Анасының Ізгі хабар мейрамының қарсаңында, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында түні бойғы құлшылық өткізді.

Ізгі хабар мейрамының құлшылығы – стихиралар, тропарьлар, ирмостар – Архангел Ғабриелдің Қасиетті Бикеш Марияға Құдай Сөзін құрсағына қабылдайтыны туралы жеткізген ізгі хабарын баяндайтын Інжіл оқылымының кең әрі терең түсіндірмесі болып табылады.

Жоғары мәртебеліге қызмет еткендер: архимандрит Иосиф (Еременко); Алматыдағы Вознесенский кафедралдық соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпарат бөлімінің жетекшісі, құдайтану кандидаты протоиерей Евгений Иванов; собор дін қызметкерлері.

Осы күні, құлшылық жарғысына сәйкес, қызмет ұлы кешкі құлшылықтан басталды. Онда Иса пайғамбардың : «Құдай бізбен бірге, мұны біліңдер, халықтар, әрі мойынсұныңдар, өйткені Құдай бізбен бірге!» деген салтанатты жыры орындалды.

Кешкі құлшылық литиямен (ерекше күшейтілген жалбарынумен) және нанды, шарапты, бидайды және елейді (майды) қасиеттеумен аяқталды.

Таңғы құлшылықта, полиелей айтылған кезде, мейрамға арналған: «Архангелдің даусымен Саған жалбарынамыз, Таза Ана: Қуана гөр, рақымға кенелген, Жаратқан Ие Сенімен бірге» деген ерекше мадақтау орындалды.

Інжіл оқылғаннан кейін, митрополит Александр жамағатқа Ізгі хабар мейрамының мәні туралы архипастырлық уағызын айтты. Ол бұл мейрамды «құтқарылудың бастауы» – адамзаттың күнәдан, қарғыстан және өлімнен арылуының басталуы деп атады.

Канон оқылып жатқан кезде сенушілер қасиеттелген елеймен майланды.

VIII ғасырда Никейский митрополиті, әулие Феофан құрастырған мейрам каноны Архангелдің Мәңгі Бикешке айтқан сәлемін және Оның ізгі хабарға берген жауабын түсіндіруге арналған. Канон Құдай Анасы мен архангел Гавриил арасындағы диалог түрінде: «Періште дауыстады» – «Құдай Анасы жауап берді» деп жазылған және ерекше қайырмалардан тұрады.

Қасиетті Құдай Анасының Ізгі хабар мейрамы күні – 7 сәуірде митрополит Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны басқарады. Басталуы сағат 9:00.

Құлшылық аяқталғаннан кейін ежелгі дәстүр бойынша архипастырь мен сенушілер көкке кептерлерді ұшыратын болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді