8 сәуір 2026 жыл - Қасиетті және Ұлы Сәрсенбі, Азапты апталығы күні. Бұл күні күнәһар әйелдің Мәсіхті майлағаны және апостол Яһуданың сатқындығы еске алынады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Алдын ала Қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді.
Ұлы Сәрсенбі күні өтетін қасиетті Григорий Двоесловтың Литургиясы – биылғы жылдың соңғысы. Сондай-ақ соңғы рет «Жаратқан Иенің есімі мадақталсын» әнұранынан кейін қасиетті Ефрем Сириннің: «Уа, Ием және өмірімнің Иесі» дұғасы кезінде жасалатын ұлы тағзымдар орындалды.
Литургия құрамындағы кешкі ғибадатта тәубеге келген күнәһар әйелдің Мәсіхті майлағаны туралы ерекше стихира орындалды: «Уа, Ием, көп күнәға батқан әйел Сенің Құдайлығыңды сезініп, мирра көтеруші әйелдердің қызметін өзіне алды…». Бұл ән IX ғасырда жалғыз әйел-гимнограф – қасиетті монахиня Кассия тарапынан жазылған. Сондай-ақ Симон алапес адамның үйінде Құтқарушыны маймен майлау және Яһуданың сатқындығы туралы Інжілден үзінді оқылды (Мф. 26:6–16).
Митрополиттік округтің Басшысына қызмет еткендер: архимандрит Иосиф (Еременко), протоиерей Вячеслав Чурбанов, Митрополитік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек), иеромонах Онисим (Тульников), протоиерей Димитрий Сидоров, иеромонах Роман (Чистяков), митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополитік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Андрей Плетень, диакон Виталий Быструшкин, иеродиакон Софония (Мазуренко), диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков және диакон Георгий Ткаченко.
Қызметте сыйынғандар: Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, епархия қамқоршылары, казактар, жексенбілік мектеп оқушылары мен кафедралды собордың прихожандары.
Вознесенский соборының хоры Е. Богуславецтің жетекшілігімен ән айтты.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Димитрий (Байдек) оқыды.
Литургия аяқталғаннан кейін митрополит Александр жиналғандарға ғтбратты сөзін арнады.
«Ұлы Сәрсенбі күні Иеміз Иса Мәсіх айтқан Інжіл өсиеттерінің ішінен Шіркеу сенушілерге өнеге ретінде күнәһар әйелдің риясыздығы туралы оқиғаны таңдады. Ол Құтқарушының басына бағалы хош иісті май құйып, Оның Ең Таза Денесін жерлеуге дайындады. Сол түні бас діни қызметкерлер, дін мұғалімдері мен яһуди ақсақалдарының кеңесінде Мәсіхті айламен ұстап, өлім жазасына кесу туралы шешім түпкілікті қабылданды. Өз Ұстазына опасыздық жасауға Оның ең жақын шәкірттерінің бірі – Яһуда Искариот бел буды. Біздің алдымызда екі бейне тұр: бір жағында – күнәһар әйелдің құрбандыққа толы сүйіспеншілігі, екінші жағында – күмісқұмарлыққа берілген елші. Бұл – бәріміз үшін үлкен әрі тағылымды қарама-қайшылық. Осы оқиғаларды еске алу бізге құмарлықтарға ерік беру, Құдай орнатқан заңдарды қабылдамау, рухани мұраттарды менсінбеу түптің түбінде қайғылы салдарға алып келетінін айқын көрсетеді. Ал өсиеттерге сай өмір сүруге ұмтылу, сүйіспеншілік пен құрбандық бізге Жаратушымызбен жаңа өсиетке – Құдай Патшалығының рақымына енуге мүмкіндік береді». Митрополит Александрдың сөзінен.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр