9 сәуірде 2026 жылы, Ұлы Жұма қарсаңында, Қасиетті аптаның кешінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенкий кафедралды соборында Иеміз Иса Мәсіхтің Қасиетті Азап шегуі – Құтқарушының азаптары, айқыштағы өлімі және жерленуі туралы баяндайтын 12 Інжіл оқылатын таңғы құлшылықты өткізді.
Қазақстан Митрополиттік округ Басшысына қызмет еткендер: архимандрит Иосиф (Еременко), Алматыдағы Вознесен кафедралды соборының кілтшісі, Округтің қоғамдық байланыстар бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов және собордың дін қызметкерлері.
Таңғы құлшылықтың басында «Егда славнии ученицы» тропары орындалғанда, дін қызметкерлері Қасиетті Інжілді алтарьдан алып шығып, оны шіркеудің ортасына орнатылған Құтқарушының айқышқа шегелену бейнесінің алдына, Ең Қасиетті Қгдай Анасы мен апостол Иоанн Богослов бейнелерімен бірге орналастырды.
12 Інжіл оқылатын бұл құлшылық Крест жанында өткізіліп, Иса Мәсіхтің айқыштағы азаптары мен өлімі туралы евангелиелік оқиғаларды және соларға арналған шіркеу жырларын қамтиды.
Азапты апталық әндерін Қазақстан Митрополиттік округ хоры (жетекшісі – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников) және Вознесен соборының хоры (жетекшісі – Е. Богуславец) орындады.
5-ші Інжіл оқылғаннан кейін, «Днесь висит на древе» антифоны орындалғанда, митрополит Александр мен дін қызметкерлері алтарьдан Жаратқан Иенің Жанды Крест ағашының бөлшегі, Иеміз Иса Мәсіхтің Тікен тәжінің бір бөлігі, Иеміздің киімінің бір бөлігі, Қасиетті Гроб пен Голгофа тастарының бөлшектері, Ақылды ұрының крестінің бөлшегі, ұрып-соғу бағанасының бір бөлігі, майлау тасының бір бөлігі және Христос Крестке шегеленген шегенің дәл көшірмесі алып шықты.
Римде Голгофа шегесінің 100 көшірмесі жасалған, олардың әрқайсысына осы ұлы қасиеттің бір бөлшегі салынған. Осындай шегелердің бірі митрополит Александрға сыйға берілген. Ұлы Інжілдік қасиеттер дұға ету үшін Кресттің жанында орналастырылды.
10-шы Інжіл оқылғаннан кейін, Иса Мәсіхтің денесін Кресттен түсіру және оны Аримафеялық Иосифтің жерлеуі туралы баяндалған кезде, архипастырь мен дін қызметкерлері алтарьдан Жаратушының Қасиетті Қабірінің бір бөлігін алып шықты. Бұл қасиетті Иерусалимдегі Қасиетті Қабір шіркеуінің кілтшісі шейх Ваджих Нусейбе митрополит Александрдың өтінішімен және Иерусалим Патриархы Феофил III-тің батасымен қазақстандық православ христиандарға сыйға тартқан.
Қызмет аяқталғаннан кейін митрополит Александр жиналғандарға архипастырлық уағызын айтты.
«Бүгін біз Иеміз Иса Мәсіхтің Қасиетті Азап шегуін еске алып, 12 Інжілді тыңдай отырып, Крест алдында рухани түрде тұрып, біздің құтқарылуымыз қандай қымбат бағаға алынғанын, аспан Патшалығының есігі қандай құрбандық арқылы ашылғанын еске аламыз. Біз үшін, бүкіл адамзат тарихындағы күнәлары мен қателіктері үшін, Крестте күнәсіз Иеміз шегеленді. Інжіл мәтіндерін тыңдай отырып, біз Яһуданың сатқындығын, Петрдің үш рет бас тартуын және оның шынайы тәубесін, Құтқарушыға деген жанашырлықты, Құдай Анасының Крест жанындағы тұруын, Аримафеялық Иосиф пен Никодимнің ерлігін, жазба діндарлар мен парызшылдардың зұлымдығын еске аламыз. Біз Иса Мәсіхтің Кресттен Иоанн Богословқа айтқан “Міне, сенің Анаң” деген сөзін және Қасиетті Құдай Анасынп “Міне, сенің ұлың” деген сөзін еске түсіреміз. Осылайша, Құдай Крестінің жанында Мәсіхтің Анасы барлық сенушілердің Анасына айналды.
Біз қандай оймен Крестке жақындауымыз керек? Жаман оймен Крестке тағзым ету мүмкін емес. Егер жүректе реніш, ашу, кек болса, біз Мәсіхтің азабына шынайы ортақ бола алмаймыз. Крест алдында әр адам өз-өзіне: “Мен кімге ренжідім? Кіммен әлі татуласпадым? Кімге жамандық ойлаймын?” деп сұрауы тиіс. Егер осындай сезімдер болса, дәл Крест алдында олардан арылып, Құдайдан кешірім мен сабыр сұрау қажет.
Әрқайсымыз Иеміз Иса Мәсіхтің үлгісін – ұзақ төзімділік пен кешірімділікті, сүйіспеншілік пен мейірімділікті ұстануымыз керек. Біз де Мәсіхтің “Әке! Оларды кешір, өйткені олар не істеп жатқанын білмейді” деген дұғасын қайталап, бізге жамандық жасаған адамдарды шын жүректен кешіруіміз қажет». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр