ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
12.04.2026, 22:00

Христостың Қайта Тірілу мейрамында Митрополиттік округтің Басшысы Алматының бас храмында мерекелік ұлы кешкі ғибадатты өткізді

Христостың Қайта Тірілу мейрамында Митрополиттік округтің Басшысы Алматының бас храмында мерекелік ұлы кешкі ғибадатты өткізді

2026 жылғы 12 сәуір күні кешке, Жарқын Христоатың Қайта Тірілуі мейрамында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында ұлы Пасхалық кешкі ғибадатты өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Қазақстанның Митрополиттік округі істерінің басшысы, Қаскелең епископы Геннадий және Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Алматы храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы, теология кандидаты протоиерей Валерий Захаров; Скорбященский храмы басшысы протоиерей Евгений Воробьев; архимандрит Иосиф (Еременко); Митрополиттік округ бөлімдерінің қасиетті дәрежелі басшылары және Оңтүстік астана храмдарының дін қызметкерлері.

Шіркеу әндерін Қазақстанның Митрополиттік округі хоры орындады. Хорға Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников жетекшілік етті. Сондай-ақ Вознесенский соборының хоры (жетекшісі Е. Богуславец) және «Цевница» православиелік ән мектебінің тәрбиеленушілері (жетекшісі Н. Головина) өнер көрсетті.

Ғибадатқа Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің игумениясы Любовь (Якушкина) монастырь монахиняларымен бірге, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері мен епархияның қайырымдылары қатысты.

Мерекенің қонағы Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н.М. Кікімов болды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ұлы кешкі ғибадат басталар алдында Алматы кафедралды соборына Астана-Алматы епархиясының дін қызметкерлері мен сенушілер делегациясы Иерусалимдегі Қасиетті Қабір храмынан әкелінген Қасиетті Отты жеткізді.

Митрополиттік округтің басшысы Иерусалимнің қасиетті қаласынан Қазақстанға Қасиетті Отты жеткізуді ұйымдастырған қайырымдыларға шын жүректен алғысын айтты.

Амвонға көтерілген митрополит қасиетті оттан алғаш болып шырақ шоқтарын тұтатып, олармен сенушілерге бата берді. Осы оттан бүкіл собордағы шамдар жағылып, алматылықтарды Иерусалимдегі Христостың Қайта Тірілу храмымен рухани тұрғыда байланыстырды.

Ғибадат тәртібіне сәйкес кешкі ғибадатта ұлы прокимен орындалды.

Митрополит Александр патшалық қақпалар алдында халыққа қарап тұрып, Иоанн Інжілінен Қайта тірілген Құтқарушының Өз шәкірттеріне алғаш рет көрінуі туралы, ол кезде апостол Фома болмағанын баяндайтын үзіндіні оқыды.

Кешкі ғибадат аяқталған соң епископ Геннадий архипастырьлар, дін қызметкерлері, монахтар мен Митрополиттік округ сенушілері атынан Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын Жарқын Христостың Қайта Тірілуі мейрамымен құттықтады.

Алматы қаласының атқарушы билігі атынан митрополит пен сенушілерді Қасиетті Пасха мерекесімен Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н.М. Кікімов құттықтады. Нурлан Медсантұлы Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді.

Пасхалық әндермен сенушілерді кафедралды собордың жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері құттықтады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді