ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
15.04.2026, 14:00

Қасиетті сәрсенбі күні Қазақстан Митрополиттік округ Басшысы Алматы қаласындағы Благовещенский Шіркеуінде Литургияны өткізді

Қасиетті сәрсенбі күні Қазақстан Митрополиттік округ Басшысы Алматы қаласындағы Благовещенский Шіркеуінде Литургияны өткізді

15 сәуір 2026 жыл -  Қвсиетті аптадағы сәрсенбі, керемет жасаушы қасиетті Титті еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласының Алатау шағынауданында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты жанындағы Ең Қасиетті Құдай Анасынцң Ізгі Хабары құрметіне арналған храмда Пасха рәсімі бойынша Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстандағы Православие шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Талғар епископы Вениамин; Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» иконасы құрметіне арналған храмның басшысы протоиерей Евгений Воробьев; архимандрит Иосиф (Еременко); архимандрит Гавриил (Тутберидзе); Гүлдала кентіндегі Иоанн Предтеча шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Харлов; Байтерек кентіндегі Алексеев шіркеуінің басшысы протоиерей Анатолий Бойко; игумен Онисим (Тульников); Қазақстан Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Саймасай (Александровка) ауылындағы Александр Невский шіркеуінің басшысы иерей Роман Клюев; Байтерек кентіндегі Алексеев храмының клиригі иеромонах Алексий (Самосенков); Талғар шіркеу округінің құрметті өкілі м.а., Талғар қаласындағы Никольский храмының басшысы иерей Кирилл Фрейганг; Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Александр Пивень; диакон Георгий Ткаченко; диакон Даниил Пасюк.

Благовещенкий храмының хоры И. Полищеваның жетекшілігімен ән орындады.

Қызмет кезінде Алатау шағынауданының православ тұрғындары мен маңайдағы елді мекендерден келген сенушілер дұға етті.

Қасиетті өлеңнен кейін иерей Георгий Сидоров Қазақстандағы Православие шіркеуі Басшысының Пасхалық жолдауын оқып берді.

Литургия соңында Христостың Жарқын Қайта Тірілуіне арналған мадақтау өтті, содан кейін архипастырь көне және қазіргі түрлі тілдерде «Христос қайта тірілді!» деп жариялады.

Митрополит Александр сенушілерге қасиетті судан сеуіп, жиналғандарға насихат сөзін айтты.

«Адам жүрегі Құдайдың құтқарушы Пасхасының ұлылығы мен қасиеттілігін сезінеді, өйткені, Медиоландық әулие Амвросийдің сөзімен айтқанда, “Иса Мәсіхтің Қайта Тірілуімен тозақ жабылады, Аспан ашылады, қарақшы жұмаққа енгізіледі… Біздің Иеміздің Қайта Тірілуі өлгендер үшін – өмір, күнәкарлар үшін – кешірім, әулиелер үшін – даңқ”. Пасхалық дұғаларда Мәсіхтің “қабірдегілерге” өмір сыйлағаны туралы сөздер қайта-қайта айтылады. Шіркеу Құтқарушы Өзінің Қайта тірілуімен қайта тірілткен «өлгендер» деп кімдерді атайды? Бұлар – Адам мен Хауа анан бастап Ескі Өсиеттің әділдері; Иеміз әлемге келгенге дейін ақиқатты және еркіндікті (қараңыз: Ин. 8:32) білмеген бүкіл адамзат; сондай-ақ Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдың рақымымен жандары тірілген, тәубе ету және Інжіл өсиеттерін ұстану арқылы қайта жанданғандардың бәрі. “Жан күнәдан ізгілікке өткен кезде, – деп үйретеді қасиетті Авва Дорофей, – ол Иеміздің Пасхасын орындайды. Иеміздің Пасхасы – жамандықтан жақсылыққа өту”. Христостың өлімді жеңуі туралы Інжілдегі хабар әр адамды өмірін жаңадан бастауға шақырады - адам Құдайдың күшіне сеніп, Қайта Тірілген Құтқарушымен бірге рухани тұрғыдан жаңара алады.(қараңыз: Кол. 2:12)». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді