ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
26.04.2026, 16:00

Архимандрит Феодосий (Курьянов) Қазақстанның Митрополиттік округінің жоғары наградасы – архиепископ Софоний (Сокольский) орденімен марапатталды

Архимандрит Феодосий (Курьянов) Қазақстанның Митрополиттік округінің жоғары наградасы – архиепископ Софоний (Сокольский) орденімен марапатталды

26 сәуір 2026 жыл. Орал. Жексенбілік Қасиетті Литургия аяқталғаннан кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александр Орал епархиясының басты храмы –  Михаило-Архангельский кафедралды соборында оның басшысы архимандрит Феодосийді (Курьянов) маңызды күн – 70 жасқа толуымен құттықтады.

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Феодосий әкеге Түркістан епархиясының тұңғыш иерархы және Жетісу өңірінің апостолы архиепископ Софонийдің (Сокольский) орденін табыс етті. Митрополит Александр бұл жоғары наградамен дін қызметкерін Қазақстандағы Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектерін ескере отырып,  70 жылдық мерейтойына байланысты марапаттады.

Орденді тапсыру барысында митрополит Александр, атап айтқанда, былай деді:

«Өміріңіздің ерекше күні – 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз отыз жылдан астам уақыт бойы шіркеу қызметін абыроймен атқарып, Қазақстанның қасиетті жерінде пастырлық еңбекті адал атқарып келесіз. Көптеген адамдар үшін рухани әке әрі дана тәлімгерге айналдыңыз. Сіз іспен елшінің «қуанғандармен бірге қуанып, жылағандармен бірге жылаңдар» деген өсиетін орындап келесіз (Рим. 12:15). Иеміз Сізді Қасиетті Православиенің қайта жаңғыруының куәгері әрі қатысушысы болуға лайық етті, ал бүгінде Сіздің еңбектеріңізбен, Құдайдың нығайтушы рақымының жәрдемімен, Орал өңірінде Інжіл уағызы жалғасып келеді. Уағыз сөзіңізбен, жүректен шыққан жұбату арқылы және өз өміріңіздің үлгісімен адамдардың жанында құтқарушы сенім отын тұтатасыз. Мәсіх жолындағы көпжылдық еңбектеріңіз Сізге дін қызметкерлері мен сенушілердің лайықты құрметін әкелді. Осы атаулы күні Сізге мықты денсаулық, тыныштық пен амандық тілеймін».

Митрополит билеуші Феодосий әкеге денсаулық, ұзақ ғұмыр және Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы пастырлық еңбегін әрі қарай атқаруда Құдайдың көмегін тілеп, қасиетті просфора мен гүл шоғын табыс етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді